ffin.kz

Өзбек жанкүйерлерінің Қазақстан футзалына неге бүйректері бұрып қалды?

Өзбек жанкүйерлерінің Қазақстан футзалына неге бүйректері бұрып қалды? Сурет: Prosports.kz

«Әлем чемпионатындағы медальдар жолында Қазақстанға сәттілік тілейміз!». Өзбекстан неге көршілері үшін жанкүйер болуда?

Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан Әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы жанкүйерлерді қуанта түсуде. Мүмкін, бұл көршілес мемлекетте өздерін өз үйіндегідей сезінгендіктен болар. Әндіжандағы ойындар өз алаңымыздағы кездесулерге көбірек ұқсайды, әсіресе 2016 жылы Колумбиядағы чемпионатпен салыстырғанда. Қазақстандық ойыншыларға өзбек жанкүйерлерінің қолдауы да айқын сезілуде.
Prosports.kz тілшісі Championat.asia сайтының редакторы және Sport Universal телеграм-арнасының авторы Азиз Тухтамурадовпен сұхбаттасып, Өзбекстанда футзалдың даму деңгейі және Әлем чемпионатының ұйымдастырылуы туралы кейбір сұрақтарды түсіндірді.
Тухтамурадовтың айтуынша, Өзбекстанда футзал танымал спорт түрі ретінде дамып келеді, және өзбек жанкүйерлері көрші Қазақстан құрамасына да қолдау көрсетіп жатыр.
 
- Азиз, Өзбекстанда футзалдың қазіргі танымалдығы қандай дәрежеде?
-  Біздің елде футзал басқа спорт түрлерімен қатар дамып келеді. Өзбекстанның футзал құрамасы бұған дейін екі рет Әлем чемпионатына қатысып, 2021 жылы Литвада өткен турнирде топтық кезеңнен шыға алды. Сонымен қатар, біз Азия чемпионатының финалына бірнеше рет шыққанбыз.
-  Өзбекстанда өтіп жатқан Әлем чемпионаты жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды ма?
-  Әрине. Мұндай беделді жарыстың біздің елде өтуі жанкүйерлерді бей-жай қалдырмайды. Ташкент, Әндіжан және Бұхара қалаларындағы ареналардағы жанкүйерлердің белсенділігінен көрініп тұр. «Хумо Арена» толықтай жанкүйерлермен толы, әсіресе, Өзбекстан құрамасының ойындары кезінде.
-  Бұрын өзбек футзалшылары Қазақстан чемпионатында ойнайтын еді. Қазір Өзбекстан құрамасында тек өзбек клубтарының ойыншылары бар ма? Елде футзалға қаражат көп бөліне ме? Өзбекстан чемпионаты жоғары деңгейдегі турнирге айналды ма?
-  Біздің футзал бір кездері қаржылай қиындықтар көрді. Дегенмен, бүгінде өзбек футзалының дамуына жан-тәнімен берілген адамдар бұл спорттың өркендеуіне еңбек етуде. Өзбекстан футзал чемпионаты қазір жоғары деңгейде ұйымдастырылады.
-  Ташкенттен басқа Әлем чемпионатының матчтары Әндіжан мен Бұхарада да өтуде. Бұл турнир үшін жаңа спорт кешендері салынды ма, әлде бұрыннан жұмыс істеп тұрғандарын қолданып жатыр ма?
-  Ташкенттегі ойындар «Хумо Аренада» өтеді. Бұл кешен 2019 жылы пайдалануға берілді. Бұған дейін бұл жерде дзюдо және бокс бойынша әлем чемпионаттары, кәсіби бокс кештері өтті, сондай-ақ Қазақстан чемпионатында ойнайтын «Хумо» хоккей командасының матчтары, концерттер ұйымдастырылды. Әндіжандағы кешен 2022 жылы пайдалануға берілді. Биыл Бұхарада жаңа спорт залы ашылды.
-  Қазақстан құрамасының ойыншылары Өзбекстанда өздерін үйдегідей сезінетінін айтып жатыр, өйткені біздің елден келген жанкүйерлермен бірге оларға жергілікті жанкүйерлер де қолдау көрсетуде. Мұны көрші елдің қолдауы деп санауға бола ма? Өзбек жанкүйерлері Тәжікстан немесе Ауғанстан құрамаларын да дәл солай қолдай ма?
-  Дәл солай. Біздің жанкүйерлер – көрші елдердің, соның ішінде Қазақстан, Тәжікстан және Ауғанстан командаларының да жанкүйерлері. Мұндай қолдау сөзсіз көршілерімізге көмектеседі деп ойлаймын. Мен жұмыс істейтін Championat.asia сайтындағы телеграм-каналда өзбек жанкүйерлерінің Қазақстан құрамасының матчында қалай қолдау көрсеткенін көре аласыз.

-    Сіздің ойыңызша, бұл Әлем чемпионаты Өзбекстан үшін үлкен спорттық мереке деп айтуға бола ма?
-    Әрине. Мұндай деңгейдегі жарыстар спорт сүйер қауым үшін үлкен мереке болды. Жарыс өтетін аренаға адамдар отбасымен, балаларымен келеді. Атмосфера өте керемет. Менің ойымша, спортқа қызығушылығы бар адам үшін мұндай жарыстарды трибунадан тамашалау нағыз мереке.
-    Өзбекстан құрамасы осы Әлем чемпионатында не күте алады деп ойлайсыз? Ал Қазақстан командасы қандай жетістіктерге жете алады?
-    Өзбекстанның футзал құрамасы Әлем чемпионатында екі ойын өткізіп, 1 ұпай жинады. Әрине, біз жігіттерімізден көбірек нәтиже күткен едік. Бірақ, тіпті осылай болса да, құраманың плей-оффқа шығу мүмкіндігі бар. Бір жеңіс біздің мемлекеттің өкілдеріне 1/8 финалда ойнауға мүмкіндік береді. Біз Өзбекстан құрамасының мүмкіндігінше алысқа баратынын күтеміз.
Қазақстан құрамасына келер болсақ, сіздердің команда футзалдағы фавориттердің бірі болып саналады. Қазақстандықтардың топтан бірінші орынмен шығуға мүмкіндігі бар. Сіздердің құрамаларыңыздың Әлем чемпионатында медаль алу мүмкіндігі өте жоғары – және біз көршілерімізге осы жолда сәттілік тілейміз!

Сұхбатты аударған: aqshamnews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:54

19:06

18:48

18:05

17:55

17:50

17:40

17:22

17:10

17:04

16:46

16:38

16:18

15:51

15:23

14:55

14:45

14:18

14:11

13:38

13:12

12:58

12:49

12:41

12:17