Атом энергетикасы жаһандық деңгейде энергияға деген сұранысты қанағаттандыруда шешуші рөл атқарады. Соңғы 50 жылда атом энергетикасы арқылы 60 Гт-дан астам СО2 қалдығының бөлінуі болдырмауға көмектесті. Бұл бүкіл жаһандық энергетикалық сектордың екі жылдық қалдықтарына тең.
Қауіпсіздік және сенімділік: МАГАТЭ халықаралық қауіпсіздік стандарттарын қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді барынша азайту үшін белсенді қолдау көрсетіп отыр. Соның арқасында АЭС анағұрлым сенімді қондырғы болып саналады.
Әлемдік статистика және құрылыс: Қазіргі таңда әлемнің 31 елінде 415 ядролық энергетикалық реактор жұмыс істейді. Қытай, Үндістан және Ресей секілді көптеген елдер климаттың өзгеруімен күресу, тұрақты дамуды қамтамасыз ету, энергетикалық тәуелсіздікті нығайту және көміртегі шығарындыларын азайту мақсатында жаңа атом электр станцияларын белсенді түрде салып жатыр.
Технологиялардың эволюциясы: Бүгінде негізгі үрдіс — заманауи және анағұрлым қауіпсіз III/III+ буынды реакторларға көшу, ал I буындағы ескі реакторлар пайдаланудан шығарылуда.
АЭС-тің экология мен денсаулыққа әсері: Атом электр станциялары қазіргі таңда көптеген елдердің энергетикалық инфрақұрылымының ажырамас бөлігіне айналған.
Су ресурстары және экожүйе: Су қоймаларының жанында АЭС салу арқылы су ресурстарын тиімді пайдалану мүмкін болады. Атом станциялары табиғи буланудан тек 0,32% көлемінде ғана су пайдаланады, бұл экожүйенің жағдайын жақсартуға да ықпал етеді.
Қоршаған ортаны қорғау: АЭС парник газдарының ауаға таралуын айтарлықтай азайтады: көмір станцияларымен салыстырғанда 135 есе, газ станцияларымен салыстырғанда 73 есе төмен. Қазақстан Париж келісімінің талаптарына сәйкес, 2030 жылға қарай көмірмен жұмыс істейтін жылу электр орталықтарын СО2 шығармайтын атом станцияларымен алмастыра отырып, парник газдар қалдығын 15%-ға азайтуды жоспарлап отыр.
Халықтың қауіпсіздігі: Қазіргі заманғы III және III+ буынды реакторлар ішкі және сыртқы қауіптерден қорғауға арналған белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. Бұл станциялар ерекше төзімді конструкцияларға ие, олардың қорғаныс күмбезі табиғи апаттарға, соның ішінде 8 баллға дейінгі жер сілкіністеріне төтеп бере алады.
Халықаралық әріптестік және стандарттар: Қазақстанда АЭС салу және пайдалану жобасы МАГАТЭ әзірлеген халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады, бұл қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Әлемнің 31-ден астам елінде АЭС салынып, жұмыс істеп жатқаны мұндай нысандардың жоғары сұранысқа ие екенін және қауіпсіз екендігін нақтылай түседі.
АЭС — дәстүрлі энергетикалық шешімдерге қарсы экологиялық және орнықты балама. Ол су ресурстарына қысымды төмендетеді және парник газдардың бөлінуін азайтуға көмектеседі.