Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы мектептерінде «Qarzhy Saqshysy» қаржылық қа...

Алматы мектептерінде «Qarzhy Saqshysy» қаржылық қауіпсіздік бойынша білім беру жобасы өтіп жатыр

Заң мен тəртіп 05.12.2025, 15:11 393
Алматы мектептерінде «Qarzhy Saqshysy» қаржылық қауіпсіздік бойынша білім беру жобасы өтіп жатыр
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

2025 жылғы 1–15 желтоқсан аралығында «Заң және тәртіп» жалпыұлттық нарративі аясында Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде жасөспірімдерді қаржылық қауіпсіздікке оқытуға және заманауи цифрлық қатерлерден қорғауға бағытталған республикалық «Qarzhy Saqshysy» компьютерлік ойыны өткізіліп жатыр.

Жоба Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Алматы қаласы Білім басқармасының бірлесіп жүзеге асыруымен іске асуда. Ойын AML Academy тарапынан Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен әзірленген.

Жобаның мақсаты — жасөспірімдердің қаржылық сауаттылығын арттыру және цифрлық ортада жауапты мінез-құлық қалыптастыру.

«Qarzhy Saqshysy» - ойыны жасөспірімдерді жастар арасында жиі кездесетін қаржылық алаяқтықтың түрлі схемаларымен таныстырады:
• қаржылық пирамидалар;
• дропперлік әрекеттер;
• фишингтік шабуылдар;
• әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі алаяқтық түрлері;
• цифрлық гигиенаның негізгі қағидалары.

Ойынның интерактивті форматы 10–11-сынып оқушылары мен колледж студенттеріне бейімделген практикалық тапсырмаларды, шағын жағдайларды және сұрақтарды қамтиды. Мұндай тәсіл жасөспірімдерге теориялық білімді меңгерумен қатар, нақты цифрлық жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді.

Ойын қорытындысы бойынша үздік қатысушылар бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл жоба профилактиканың тиімді құралына айналып, мегаполис мектептері мен колледж студенттерінің қаржылық қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаржы сақшысы #алматы мектептері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі