Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / 9 айда Алматыға 1,8 млн турист келді 

9 айда Алматыға 1,8 млн турист келді 

Барлығы 05.12.2025, 14:11 283
9 айда Алматыға 1,8 млн турист келді 
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Алматы Орталық Азиядағы ең дамыған мегаполис ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді. Туризм саласындағы оң көрсеткіштер өңірдің негізгі бағыттарының бірі ретінде қалаға қызығушылықтың тұрақты өсіп отырғанын дәлелдейді. Туристер легінің артуы инфрақұрылымды дамыту, қызмет көрсету сапасын жақсарту және Алматының халықаралық танымалдығын кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін көрсетеді.

2025 жылдың үш тоқсанында мегаполиске 1 869 375 адам келген, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,1%-ға артық (1 729 601 адам). Солардың ішінде 563 мыңы шетелдік туристер болып, 11%-ға өсті, ал 1,3 млн ішкі саяхатшылар, олардың саны 6,9%-ға артқан.

Негізгі елдерден келген шетелдік қонақтар санының өсуі байқалады. 2025 жылдың тоғыз айында Алматыға Ресейден 124,2 мың адам келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,7%-ға көп. Қытайдан келген қонақтар саны 102,1 мың адамға жетіп, бірден 39,2%-ға өсті. Үндістаннан келгендер легі 85,6 мың адамға жетіп, 3,5% өсім көрсетті. 


 
Сондай-ақ, шетелдік туристер саны бойынша көш бастап тұрған елдер қатарында Түркия (28 670 адам, өсім 9,1%), Корея Республикасы (18 535 адам, өсім 17,5%), Германия (12 549 адам, өсім 15,6%), Қырғызстан (12 356 адам, өсім 18,9%), Өзбекстан (12 259 адам, өсім 8,9%), Ұлыбритания (10 143 адам, өсім 7,1%), Италия (7 637 адам, өсім 28,5%), Сауд Арабиясы (6 750 адам, өсім 5,2%), Малайзия (5 773 адам, өсім 16,9%) және Франция (4 688 адам, өсім 25,4%) бар.

Халықаралық туристер санының өсуіне туристік инфрақұрылымды дамыту мен қонақтарға арналған заманауи цифрлық әрі сервистік шешімдерді енгізудің нәтижесінде қол жеткен. Алматы келушілер географиясын кеңейтіп, саяхатшылар үшін қолайлы жағдай жасап, демалыс пен іскерлік туризмнің тартымды бағыты ретінде позициясын нығайтып отыр. 

Халықаралық деңгейде танылу жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін растайды. Алматы 2025 жылы баруға ұсынылған бағыттар тізіміне CNN арнасы тарапынан енгізілді, ал британдық The Telegraph басылымы Алматыны «Орталық Азияның інжу-маржаны» деп атады. Booking.com талдамалы дерегінше, Алматы Орталық Азиядағы туристік бағыттар арасында ең жылдам дамып келе жатқан ондыққа кіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризм #шетелдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтарға ескерту жасалды

Бүгін 10:07

Дауыл, тұман: бірнеше өңірде ескерту жасалды

Бүгін 09:26

Ауа райына байланысты бірқатар облыста жол жабылды

Кеше 16:26

Алматының нәзік жандылары қала тұрғындарын референдумға шақырды

Кеше 14:38

116 жастағы Түймегүл әже көп жасаудың сырын айтты

Кеше 11:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі