Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа...

Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа ие болды

Барлығы 05.12.2025, 16:57 314
Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа ие болды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Дорнбирн қаласында (Аустрия) Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінің жетекші сәулетшілері, урбанистері, мемлекеттік институттары мен зерттеу орталықтарының өкілдерін біріктірген SHARE Architecture Awards 2025 халықаралық сәулет фестивалі өтті.

Ұсынған урбанистік жобалары үшін SHARE Awards сыйлығымен «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты марапатталды. 

Фестиваль SHARE Architects Society қолдауымен өткізіліп, архитектуралық диалогты дамыту мен өңірдегі үздік жобаларды ілгерілетуге бағытталған кәсіби платформа болып табылады.

2025 жылы форум тарихындағы ең ауқымды бағдарлама ұсынды. Барлығы 20 елден 114 жоба финалдық кезеңге іріктеліп, «Іске асырылған ғимараттар», «Интерьер» және «Болашақ жобалары» санаттары бойынша қазылар алқасына ұсынылды.
Биыл Қазақстан форумның негізгі қатысушыларының біріне айналды. «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директоры Асхат Сәдуов фестивальдің ресми бағдарламасына шақырылды.

Баяндама барысында ол Алматыны дамытудың стратегиялық бағыттарын таныстырды. Атап айтқанда: қаланың полицентрлік моделі, қалалық ортаның сапасын арттыру және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағдарламалары, қала құрылысына ғылыми-талдамалық тәсілді енгізу, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымның тұрақтылығына қатысты халықаралық стандарттарды енгізуді ұсынды.

Іс-шара қорытындысы бойынша Асхат Сәдуов «Алматыбасжоспар» ҒЗИ ұжымының заманауи урбанистік саясатты қалыптастыруға және халықаралық архитектуралық диалогты дамытуға қосқан үлесін мойындаған SHARE Awards сыйлығымен марапатталды.

«Бұл марапат Алматыдағы урбанистикалық өзгерістерге деген халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын айқын дәлелдеп, Қазақстанның кәсіби сәулетшілер қауымдастығыгдағы беделін күшейте түсті», – деді А. Сәдуов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сәулетшілер #урбанистер #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі