Полиция істі жауып тастаған: тағы бір баланың тіс емдетіп, қаза тапқаны әшкере болды

  • 14:29, 05 желтоқсан 2025
Полиция істі жауып тастаған: тағы бір баланың тіс емдетіп, қаза тапқаны әшкере болды Сурет: vilmadent.ru

Алматыда жеке стоматологияда тіс емдемек болған үш жасар бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ата-анасы баланың өліміне дәрігерлердің әрекеті себеп болды деп санап, полицияға арыз жазған. Алайда екі айдан кейін қылмыстық іс жабылған.

Жағдайдың жай-жапсары

Бала 13 сәуірде таңертең стоматологиялық операцияға жеткізілген. Туыстарының айтуынша, дәрігерлер 20 тіс емдеу қажет екенін айтып, процедура шамамен 4 сағатқа созылады деп хабарлаған.

Алайда операция «Севоран» препаратымен 5,5 сағаттан астам уақытқа созылған. Сағат 13:30 шамасында баланы операция бөлмесінен алып шыққанда, ол әлсіз күйде болған. Дәрігерлер оны бақылауда қалдырмастан, ата-анасына үйіне алып кетуге рұқсат берген.

Үйде жағдайы нашарлап, бала қайтыс болған

Бала үйге келгеннен кейін есін толық жимаған. Кешке қарай жағдайы күрт нашарлап, оған құрысуы басталған, денесі көгерген.

"Жедел жәрдем ұзақ уақыт келмеді. Ата-анасы өздері баланы ауруханаға жеткізді, бірақ дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады", - дейді баланың тәтесі.

Бала сол күні 13 сәуірде көз жұмған.

Қылмыстық іс екі айдан кейін жабылған

Оқиғадан кейін полиция қылмыстық іс қозғағанымен, туыстарының айтуынша, іс екі айдан соң жабылып қалған. Отбасыға бұл туралы ешкім хабарламаған, олар істің тоқтатылғанын әкесінің АІІБ-ға өз бетімен барғанында бір-ақ білген.

Туыстары істің үстірт тексерілгенін айтып, наразылық білдіріп жатыр.

Ата-ананың клиникаға шағымы

Отбасы стоматологияға сотқа дейінгі шағым жолдаған. Айтуларынша, операциядан кейін бірнеше рет клиникаға хабарласып, баланың жағдайының нашарлағанын айтқан, бірақ қызметкерлер «бәрі қалыпты» деп сендірген.

Ата-анасы процедураны жүргізген дәрігерге қоңырау шала алмаған. Ол тек мессенджер арқылы жазбаша жауап берген.

Сараптама қорытындысы даулы болып отыр

Сот-медициналық сараптама баланың өліміне мидың ісінуімен бірге дамыған энцефалопатия, оны тудырған жедел ЖРВИ және бүйрек жеткіліксіздігі себеп болғанын көрсеткен.

Туыстары бұл тұжырыммен келіспейді:

  • операция алдында баладан алынған қан талдауы ОРВИ белгілерін растамағанын айтады;

  • балада ешқандай аурудың белгісі болмаған;

  • "басты себеп ұзақ наркоздан" деп отыр

Полицияның жауабы

Алматы полиция департаменті қазіргі таңда істі жан-жақты және объектив тексеру үшін қосымша тергеу шаралары жүріп жатқанын хабарлады. Іс материалдары сараптама үшін Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне жіберілген.

Клиника не дейді?

Клиниканың адвокаты Елена Жанатованың айтуынша, баланы операцияға алуға қарсы көрсетілім болмаған.

"Жағдайы тұрақты болды, ЖРВИ белгілері анықталған жоқ. Бір жасқа дейінгі балаларда бір ретте көп тісті емдеу - әлемдік тәжірибе", - дейді ол.

Адвокаттың айтуынша, барлық көрсеткіштер процедура барысында тұрақты болып, операциядан кейін бала есін жиған, анестезиолог тексеріп, үйіне жіберген. Медициналық құжаттар түгел тергеу органдарына тапсырылған.

Еске салайық, бұған дейін Астанада 18 тісті наркозбен емдеткен 3 жасар қыз оянбай, қайтыс болған еді. Бұл іс бойынша қазір сот өтіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:16

15:11

15:06

14:57

14:46

14:29

14:15

14:11

14:02

12:23

12:11

12:01

11:51

11:44

11:36

11:28

11:21

11:05

10:52

10:35

10:31

10:22

10:15

10:02

09:59