AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Медеу ауданындағы бірнеше дәмханада экологиялық жә...

Медеу ауданындағы бірнеше дәмханада экологиялық және санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталды

Заң мен тəртіп 06.12.2025, 10:36 398
Медеу ауданындағы бірнеше дәмханада экологиялық және санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталды
Алматы әкімдігі

Медеу ауданындағы кәуапханаларды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тексерді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл туралы Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары айтты. Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бес дәмханаға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Соның ішінде төрт нысаннан бұзушылық анықталды, бір факті бойынша іс материалдары сотқа жолданды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,2 млн теңгеден асты.

Сонымен қатар «Eco Almaty» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімі табиғатты қорғау полициясымен бірге бірнеше нысандағы түтін шығару фактілері бойынша профилактикалық жұмыс жүргізді. Бақылау барысында «Грузинский двор» дәмханасында (Қабанбай батыр көшесі, 8), сондай-ақ Қабанбай батыр көшесі, 15 мекенжайында орналасқан «Modi» дәмханасында көмірмен жанатын мангал қолданылғаны тіркелді. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қатты түтін мен иіс шығарған бұл қоғамдық тамақтану орындарына шағымданған. «Eco Almaty» мамандары кәсіпкерлермен «Алматы қаласының аумағын көріктендіру қағидаларын» қатаң сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оларға экологиялық және санитарлық талаптар жөнінде ескертілді. Атап айтқанда, қатты отынды пайдалануға тыйым салынғаны, ал газбен жұмыс істейтін жабдық қолданылған жағдайда сүзгілер орнату міндетті екені түсіндірілді.

Сондай-ақ, мұндай құқықбұзушылық үшін жауапкершілік бар екені айтылды. Айта кетейік, кәуапханалар, қоғамдық тамақтану орындары және монша нысандарына тексеру қалада тұрақты негізде жүргізіледі. Мұндай орындар көбіне шамадан тыс түтін мен жағымсыз иіс шығарып, жақын маңдағы тұрғындарға қолайсыздық тудырады.

Экологтардың бақылауы атмосфералық ауаны қорғау және санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында жүргізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Медеу ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Кеше 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кеше 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Кеше 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Кеше 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Кеше 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика