Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Парыз және пайыз

Парыз және пайыз

АЭС: Референдум 01.10.2024, 10:10 738
Парыз және пайыз
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Алдағы 6 қазан күні ел тұрғындары үшін маңызды мәселенің түйіні шешілмек. Бұл күнге жоспарланған жалпыхалықтық референдумда азаматтарымыз "Сіз Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісесіз бе?" деген сауалға нақты жауап береді. Қоғамда бұл мәселе бойынша түрлі пікірталастар туындап, АЭС құрылысының артықшылықтары мен кемшіліктері жан-жақты талқыланып жатыр.

Бір жағынан, ғалымдар мен сарапшылар АЭС-тің артықшылықтары мен болашағы туралы ғылыми негізделген тұжырымдарын айтып жатса, екінші жағынан, Семей полигонының зардаптарын, Фукусима мен Чернобыль апаттарын еске алып, сақ болуға шақырған пікірлер де көптеп кездесуде.

Біз бұл тақырыптан қалыс қалмадық. Осы бағыттағы ақпараттарды саралап, мамандардың көзқарасын оқырманға жеткізуді жөн көрдік. Мәселен, елімізге танымал мемлекет қайраткері, ғалым Жақсыбек Күлекевтің AbayLive YouTube арнасына берген сұхбатын көруге кеңес береміз. Кезінде АЭС-ке қарсы болған ғалым қазір неліктен бұл жобаны қолдайтынын нақты деректермен дәлелдеген.

АЭС салу – елдің даму жолындағы мемлекеттің қажеттілігі болып табылады. Бұл энергетикалық тепе-теңдікті әртараптандыру, халықаралық міндеттемелерді орындау және әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін қажет. Қазақстан 2060 жылға қарай жаһандық экологиялық стандарттарды сақтау мен көміртегі бейтараптығына ұмтылуды мақсат еткен.

Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Ғұмар Серғазиннің мәлімдеуінше, елімізде АЭС салуға барлық алғышарттар бар: шикізат қоры жеткілікті, өндіріс жоғары деңгейде дамыған, ғылыми әлеуетіміз көптеген дамыған елдерден алда.

АЭС-тің кадр мәселесіне қатысты да шешім бар. Егер референдум нәтижесінде халық қолдау білдірсе, таңдалған мемлекет технологиясына сай 1000 инженер-маман даярлау қиын емес. Бұл біздің еліміздің қолынан келеді.

Референдумда елімізде АЭС салу мәселесі талқыға салынып, шешім қабылданады. Бұл Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы бар шешім болмақ. Демек, азаматтық парыз бен референдумға қатысатын электораттың пайыздық көрсеткіші сынға түседі. Әркім өз дауысының болашақ үшін маңызды екенін түсініп, әлеуметтік жауапкершілігін орындауы тиіс.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #референдум #Таңдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады

Бүгін 10:35

Бір дәруменнің тапшылығы аурудың ауыр өту қаупін арттыруы мүмкін

Бүгін 10:29

QyzPU-да KazChessLab инновациялық зертханасы ашылды

Бүгін 09:42

Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 09:32

Алматылық «Болашақ» стипендиаттары Президентпен Вашингтонда жүздесті

Кеше 21:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі