AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / 2026 жылдан бастап ҚҚС қалай есептеледі? Министрлі...

2026 жылдан бастап ҚҚС қалай есептеледі? Министрлік түсіндірді

Қаржы 05.12.2025, 16:19 596
2026 жылдан бастап ҚҚС қалай есептеледі? Министрлік түсіндірді
Сурет: Gov.kz

Келер жылдан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Осыған байланысты Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу кезінде қосылған құн салығы (ҚҚС) қалай есептелетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі министрлікке сілтеме жасап.

Жылдық жоспарлар ҚҚС-сыз жасалады

2024 жылғы 1 шілдеден бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға сәйкес, мемлекеттік органдардың жылдық сатып алу жоспарлары:

  • бекітілген бюджеттерге,

  • және қаржыландыру жоспарларына сүйене отырып жасалады.

Бұл жоспарларда сома ҚҚС-сыз көрсетіледі. Яғни алдын ала жылдық жоспарға ҚҚС енгізілмейді, аванс сомасы да ҚҚС-сыз есептеледі.

ҚҚС келісімшартта көрсетіледі

ҚҚС пен акциздер:

  • тікелей сатып алу рәсімдерінің қорытындысы бойынша жасалатын келісімшартта көрсетіледі.

Бұл – салық және кеден заңнамасының талаптарына сай рәсім.

2026 жылдан бастап ҚҚС – 16% болмақ

Салық кодексіне сәйкес:

  • ҚҚС тауар, жұмыс, қызмет өткізілген кезде есептеледі;

  • Айналым жасалған күн – тауар берілген күн немесе орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет актісіне қол қойылған күн.

2026 жылдың қаңтарынан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 16% болады.
Маңыздысы – бұл мөлшерлеме:

  • осы уақытқа дейін жасалған келісімшарттарға да,

  • барлық салық салынатын айналымға қолданылады.

Яғни келісімшарт бұрын жасалса да, егер айналым 2026 жылдан кейін жүрсе – ҚҚС 16% мөлшерлемемен есептеледі.

Жеткізушінің ҚҚС мәртебесі және келісімшартты түзету

ҚҚС төлеушілерге қатысты:

"ҚҚС төлейтін тұлғалар (жеткізушілер) Салық кодексінің талаптарына сәйкес шот-фактураларды ұсынуға міндетті. Егер жеткізуші ҚҚС төлеуші мәртебесін өзгертсе, заңмен мемлекеттік сатып алу келісімшартына түзетулер енгізуге, соның ішінде келісімшарттағы соманы тиісті салық мөлшеріне сай түзетуге рұқсат беріледі. Десе де жеткізілетін тауарлардың сапасы мен жеткізу шарттары өзгеріссіз қалатынын ұмытпаған жөн", - делінген мәлімдемеде.

Веб-портал ҚҚС-ты автомат түрде есептейді

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы:

  • жеткізушінің ҚҚС төлеуші не төлемейтінін автомат түрде анықтайды;

  • келісімшартта ҚҚС сомасын өзі қалыптастырады;

  • бағаны позициялар бойынша ҚҚС салынатын және салынбайтын бөлікке бөлуге мүмкіндік береді.

Сондықтан 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • мемлекеттік сатып алу келісімшарттары орындалған кезде,

  • егер жеткізуші айналым жасалған сәтте ҚҚС төлеуші болса,

  • келісімшарт қашан жасалғанына қарамастан, 16% ҚҚС салынады.

Министрліктің мақсаты – ашықтық 

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу саласында ҚҚС қолданылуын барша қатысушыға түсінікті және ашық етуді мақсат етіп отыр.

Осы үшін:

  • веб-портал техникалық жағынан жаңартылды;

  • жүйе жеткізушінің ҚҚС төлеуші мәртебесін автоматты түрде ескеріп,

  • келісімшарттағы нақты қорытынды соманы түзетуге мүмкіндік береді.

Бұл тәсіл:

  • қателіктер мен сәйкессіздіктердің алдын алу,

  • дауларды азайту,

  • салық заңнамасын бірізді қолдануды қамтамасыз ету үшін енгізілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚҚС #салық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Бүгін 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Бүгін 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Бүгін 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Бүгін 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Бүгін 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика