Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Допинг бақылауын бұзған: Дулат Бекбауов екі жылға...

Допинг бақылауын бұзған: Дулат Бекбауов екі жылға әуесқой бокстан шеттетілді

Спорт 05.12.2025, 17:36 381
Допинг бақылауын бұзған: Дулат Бекбауов екі жылға әуесқой бокстан шеттетілді
olympic.kz

Қазақстан құрамасының үздік боксшыларының бірі Дулат Бекбауов допинг ережесін бұзғаны үшін екі жылға әуесқой спорттан шеттетілді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Халықаралық тестілеу агенттігіне (ITA) сілтеме жасап.

Халықаралық Олимпиада комитетіне қарайтын ITA мәліметінше, Бекбауов соңғы 12 ай ішінде допинг-бақылау мамандарына өзінің орналасқан жері туралы деректерді дұрыс және толық бермеген. Спортшылар үшін бұл антидопингтік талаптың өрескел бұзылуы болып саналады.

Осыған байланысты оған 2025 жылғы 18 қарашадан 2027 жылдың 17 қарашасына дейін екі жыл мерзімге шеттету жазасы қолданылды. Бұл шешім тек әуесқой боксқа қатысты.

Айта кетейік, Дулат Бекбауов 2025 жылдың шілде айында кәсіпқой бокста дебют жасаған. Қолданылған шектеудің оның кәсіпқой мансабына ықпалы жоқ, яғни ол кәсіби рингте өнер көрсете алады.

Дулат Бекбауов – 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ 2022 және 2024 жылдардағы Азия чемпионаттарында екі мәрте күміс медаль иегері атанған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #халықаралық олимпиада #бокс #Допинг #ITA
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі