Тәуелсіздік - өркениет өрісіндегі жаңа белес

  • 17:20, 05 желтоқсан 2025
Тәуелсіздік - өркениет өрісіндегі жаңа белес Видео кадры

Тәуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойғы арманын ақиқатқа айналдырған тарихи кезең, дербес дамудың бастауы. Егемендікке қол жеткізген күннен бастап Қазақстан өз даму жолын әлемдік өркениет талаптарына сай айқындап, жаңа белестерді бағындырып келеді. Бүгінгі жетістіктеріміз – елдіктің, еркіндіктің және ұлт бірлігінің көрінісі.

Ел дамуының өзегі –  азаматтардың жауапкершілігі. Әсіресе, жастар тәрбиесі Қазақстанның болашағы үшін шешуші рөл атқарады. Өскелең ұрпақтың білімді, еңбекқор, саналы болуы – мемлекеттің ұзақ мерзімді өркендеуі мен тұрақтылығына бастайтын негізгі күш. Бүгінгі жастарға берілген еркіндік – өз Отанын дамыту мүмкіндігі ғана емес, үлкен аманат.
Жастардың отаншылдық рухын тәрбиелеу, елдің тарихын құрметтеу, мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті қадірлеу – ұлттың болашақтағы тұтастығының берік тірегі.

Қазақстанның жаңа даму бағыты – әділетті қоғам құру, ел экономикасын әртараптандыру, цифрландыруды күшейту және инновацияға негізделген өндірісті дамыту. Осы салалардың бәрінде жастардың белсенділігі ерекше қажет. Себебі ел ертеңін құратын – жаңаша ойлайтын, бастамашыл, білімді буын.

Жаһандық өзгерістер дәуірінде Қазақстан халықаралық аренада өз орны бар мемлекетке айналды. Бейбітшілік пен келісімге негізделген саясатымыз елдің тұрақтылығын арттырып қана қоймай, әлемдік қауымдастықта сенімді серіктес ретіндегі беделін күшейтті.

Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр тәуелсіздік жылдары жаңа серпін алды. Тарих астарындағы құндылықтарды дәріптеу, мәдени мұраны сақтау – ұрпақ сабақтастығының басты кепілі. Патриотизм – тек сөз емес, елді сүюдің, жауапкершілік пен іскерліктің нақты әрекеті. Әрбір азаматтың Отан алдындағы парызы – туған жерін құрметтеп, елдің дамуына үлес қосу.

Экономикалық тұрғыдан да еліміз жасыл энергия, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен цифрлық инфрақұрылымды дамытуда жаңа әрі қарқынды қадамдар жасауда. Бұл – елді бәсекеге қабілетті ету жолындағы нақты әрекеттер мен жұмысшы мамандарға деген қолдау.

Тәуелсіздік күні – өткенге тағзым етіп, болашаққа үмітпен қараудың мерекесі. Бұл күн – елдіктің, ынтымақтың, ортақ құндылықтардың салтанаты. Қазақстанның бүгінгі табысы – әр азаматтың еңбегі мен бірлігінің нәтижесі.

Бірлік, білім, отаншылдық, жастардың белсенділігі – елімізді жаңа биіктерге жетелейтін ең басты құндылықтар.
Тәуелсіз Қазақстанның туы әрқашан биікте желбіреп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын ұлттық рухымыз мәңгілік болсын!

Принтмедиа технологиялар колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Қоғамдық даму орталығының Сарапшылар Пулының мүшесі –

Күнтубай Айдар Серікұлы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
17
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:55

17:36

17:20

17:17

17:04

16:57

16:39

16:19

16:02

15:50

15:38

15:28

15:16

15:11

15:06

14:57

14:46

14:29

14:15

14:11

14:02

12:23

12:11

12:01

11:51