AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы жастары Халықаралық еріктілер күнін кең көл...

Алматы жастары Халықаралық еріктілер күнін кең көлемде атап өтті

Барлығы 06.12.2025, 11:47 353
Алматы жастары Халықаралық еріктілер күнін кең көлемде атап өтті
Алматы әкімдігі

Алматы қаласында Халықаралық еріктілер күніне орай ұйымдастырылған қалалық еріктілер форумы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асты. Жиынға еріктілік ұйымдардың жетекшілері, жастар бірлестіктері, әлеуметтік және экологиялық бастамалардың өкілдері қатысты. 2025 жылы алматылық еріктілер қалада еріктілікті дамыту бойынша ауқымды әрі жүйелі жұмыс атқарды: 50 мыңнан астам ерікті тіркеліп, олардың 10 мыңнан астамы әлеуметтік, экологиялық және білім беру бастамаларына алғаш рет тартылған жаңа қатысушылар болды.

Еріктілік қозғалыстың қызметі 42 ірі ұйымды біріктіретін және жан-жақты әдістемелік әрі ұйымдастырушылық қолдау көрсететін Еріктілер фронт-кеңсесі арқылы реттеледі. Әлеуметтік акциялар аясында 80-нен астам отбасына атаулы көмек көрсетіліп, халықтың осал топтарына қолдау білдірілді, «Eco Qala Fest» пен «ЖасЭкоПатрульді» қосқанда экологиялық жобалар мен сенбіліктер өткізілді. Ашық аспан астындағы кинокөрсетілімдер, дәрістер мен кездесулер ұйымдастырылып, жасөспірімдер мен жастарға арналған 60-тан астам білім беру курсы өткізілді.

Сонымен қатар, 800-ден астам ерікті ТЖД-мен әріптестік аясында төтенше жағдайларға дайындық бойынша арнайы оқытудан өтті, ал «Жақсылық істер марафоны» шеңберіндегі қайырымдылық іс-шараларға 12 мыңнан астам адам тартылды. Форум барысында ең белсенді еріктілер мен еріктілік ұйымдар арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Бұл олардың еңбегіне деген құрметпен қатар, жаңа қатысушыларға да шабыт берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ерікті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Бүгін 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Бүгін 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Бүгін 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Бүгін 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Бүгін 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика