Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидасының жоб...

Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидасының жобасы әзірленді

Әлеумет 27.12.2024, 17:37 1,098
Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидасының жобасы әзірленді
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидасының жобасы әзірленді. Келесі жылдың басында оны Мәслихаттың қарауына енгізу жоспарлануда. Құжат ауаны ластайтын стационарлық және жылжымалы көздердің жұмысына қойылатын талаптарды қатаңдатуды көздейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бүгінгі таңда Алматыда қалдықтардың ең көп үлесі автокөлікке – 60% және 27% өнеркәсіптік кәсіпорындарға тиесілі. Теріс көрсеткіштерді төмендету мақсатында қала басшылығы дизель отынымен жүретін автобустар сатып алуға тыйым салды.  Қазіргі уақытта газбен жүретін 770 автобус, 115 электр автобусы және троллейбус паркін толығымен жаңартқан 112 троллейбус сатып алынды.

«Келесі жылы біз газбен жүретін тағы 600 автобус пен 200 электр автобусын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Осының арқасында экологиялық таза қоғамдық көліктің үлесі 70%-ға дейін көбейеді. Электр қуаттау стансаларының желісін кеңейту мақсатында биыл жеке инвесторлар тартылды. Егер бүгінде қалада 300-ден астам станса болса, келесі жылы жеке инвестициялар есебінен олардың саны екі есеге артады. Сондай-ақ 2-ЖЭО газға көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Келесі жылдың желтоқсан айынан бастап 2026 жылы толық аяқталатын кешендерді кезең-кезеңімен іске қосу жоспарлануда. ЖЭО-ны газға ауыстырудың арқасында қалдықтар 90%-ға төмендетілетін болады. Сонымен қатар біз қоршаған ортаны қорғауды заңнамалық реттеу бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеміз. Осы жылы біздің бастамамыз бойынша Алматы қаласының Мәслихатына атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын бекіту құзыреті берілді. Оның жобасы әзірленді және бірінші тоқсанда біз оны бекіту үшін Мәслихатқа енгіземіз», — деп атап өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Экология #Автокөлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық студенттер лигасы: көктемгі кезеңге қызығушылық артып келеді

Бүгін 16:29

Қазақстанға гүлді ең көп жеткізетін елдер белгілі болды

Бүгін 16:20

15 наурыздағы референдум: Алматыдағы дауыс беру учаскелері

Бүгін 15:55

Референдумда басқа біреудің атынан дауыс бергендер айыппұл арқалайды

Бүгін 15:34

Тіркелген мекенжайдан тыс дауыс беру тәртібі қандай?

Бүгін 15:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі