Алматыда 50 мыңнан астам оқушы мен студент бір мезетте таңғы жаттығу жасады
Алматыда «Чемпиондық Рух» атты қалалық спорттық жоба өтті. Акция аясында 225 білім беру ұйымының 50 мыңнан астам оқушысы мен студенті мектептері мен колледждерінің спорт алаңдарында бір уақытта жаппай таңғы жаттығу жасады.