конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматылықтардың алданышы / Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, команда...

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Алматылықтардың алданышы 30.03.2026, 16:56 414 yakiya
Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді
қалалық спорт басқармасы

Алматы қаласының спортшылары спорттық және батуттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының екі ірі чемпионатында табысты өнер көрсетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық спорт басқармасының өкілдері айтты.

25–29 наурыз аралығында Алматыда еліміздің 8 өңірінен келген командалардың қатысуымен спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша қала құрамасы 14 медаль жеңіп алды: 4 алтын, 3 күміс және 7 қола. Сонымен қатар команда жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасты.

Көпсайыста Илана Раздыкова мен Алтын-Аяла Бақыт бірінші орын иеленді. Жүлдегерлер қатарында Вероника Светоносова, Алиса Карпенко, Айзере Серік және Аяла Шыңғысқызы бар.

Жекелеген сайыстарда:

қоссырықта — Эвелина Ежова (1 орын), Вероника Светоносова (2 орын), Айзере Серік (3 орын);

тірекпен секіруде — Илана Раздыкова (1 орын), Аделина Кригер (3 орын);

бөренеде — Эвелина Ежова және Аделина Кригер (3 орын);

еркін жаттығуларда — Илана Раздыкова (3 орын).

Жарыс кезеңі 25–30 наурыз аралығында Павлодар қаласында өткен батуттық гимнастикадан Қазақстан чемпионатымен жалғасты. Оған 9 қаладан 220 спортшы қатысты.

Алматы құрамасы 6 медаль жеңіп алды: 1 алтын, 3 күміс және 2 қола.

«Акробатикалық жол» дисциплинасында Милана Флегентова жеңімпаз атанды.

Қос шағын-трампта Кристина Черных күміс, Милана Флегентова қола медаль иеленді.

Синхронды секіруде Әлиасқар Амангелді мен Абай Бердібай күміс, Александр Волков мен Глеб Парфенов қола жүлдеге ие болды.

Акробатикалық жол бойынша командалық есепте Елизавета Филимонова, Милана Флегентова, Алина Петрова және Раушан Қанапия құрамындағы Алматы командасы екінші орынды иеленді.

Қалалық спорт басқармасы мамандары атап өткендей, алматылық гимнасттардың нәтижесі спортшылардың жоғары дайындық деңгейін және республикалық жарыстардағы тұрақты көрсеткішін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#гимнастика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жуалы көшесінің бір бөлігінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 16:00

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Бүгін 15:52

Алматыда «БЕС АСЫЛ» республикалық ұлттық өнер байқауы өтті

Бүгін 15:49

Ғазиза Құдайберген: газет-журнал шығару үрдісі үзілмеуге тиіс

Бүгін 10:02

«Медеу» бөгетінің аңызға айналған 842 сатысын 3 мыңға жуық адам бағындырды

Кеше 21:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);