7 сәуір күні «Taza Qala» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында Алматы қаласының Қоғамдық даму орталығы Алматы қаласының Бас ботаникалық бағы аумағында танымдық эко-тренинг өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Іс-шара барысында қатысушыларға:
— бөлме өсімдіктеріне күтім жасау негіздері;
— кеңістікті көгалдандыру қағидаттары;
— өсімдіктерді отырғызудың практикалық дағдылары ұсынылды.
Тренинг экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау деңгейін арттыруға бағытталды.
Іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мектеп оқушылары, сондай-ақ Алматы технологиялық колледжінің эко-белсенділері қатысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар көгалдандыру саласы бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие болды.