AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматылықтардың алданышы / Мәдениеттер диалогы: Алматыда халықаралық қолөнер...

Мәдениеттер диалогы: Алматыда халықаралық қолөнер ретриті өтті

Алматылықтардың алданышы 21.04.2026, 12:26 226 yakiya
Мәдениеттер диалогы: Алматыда халықаралық қолөнер ретриті өтті

Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен дәстүрлі қолөнер шеберлері мен АҚШ-тан келген мәдениет саласы өкілдері қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылы 17-20 сәуір аралығында Алматыда Kazakhstan Artisan Initiative жобасы аясында халықаралық қолөнер ретриті өтті.

Бастамашылар қатарында Қазақстан қолөнершілер одағы, Smithsonian Center for Folklife and Cultural Heritage және Chevron компаниясы болды. Жоба шеберлердің білімі, тәжірибесі және жеке тарихы арқылы материалдық емес мәдени мұраны сақтауға бағытталған.

Төрт күн бойы қатысушылар қолөнер білімін кейінгі буынға жеткізуден бастап, дәстүрлі тәсілдерді заманауи мәдени ортаға бейімдеуге дейінгі саланың өзекті мәселелерін талқылады. АҚШ-тың байырғы халықтарының тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар тоқу, зергерлік өнер және керамика дәстүрімен танысып, қолөнер тарихын құжаттаудың заманауи тәсілдерін меңгерді.

Іс-шараның соңғы күні Almaty Creative алаңында ашық форматта өтті. Бағдарлама аясында жасалған жұмыстар көрмесі, қорытынды таныстырылым және «Жанды тарих» атты сессия ұйымдастырылды.

Ретрит Алматыдағы креативті индустрияны дамытуға серпін беріп, халықаралық мәдени байланысты нығайтты және жаңа серіктестік мүмкіндіктеріне жол ашты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қолөнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңа музыкалық толқындағы бес жыл: Алматыда мерейтойлық BEU Fest фестивалі дүркіреп өтті

Бүгін 13:39

584 педагог пен 3676 оқушы: Алматыдағы пилоттық жоба алғашқы нәтижесін көрсетті

Бүгін 13:36

Алматыда жазғы маусым ашық аспан астындағы үлкен концертпен ашылды

Бүгін 11:48

Қазгидромет тоғыз қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 10:09

Жел, жаңбыр, аптап: Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);