2026 жылғы 10–18 қазан аралығында Арменияның Цахкадзор қаласында Karen Kureghyan Memorial Cup халықаралық жасөспірімдер теннис турнирі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Tennis Europe күнтізбесіндегі 12 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы 2-санатты жарыста қазақстандық жас теннисші Мұстафа Есентайұлы тамаша нәтиже көрсетті.
Мұстафа жекелей сында 1-орын, жұптық сында 2-орын иеленді! 🏆
Жарыс барысында Мұстафа әртүрлі елдерден келген қарсыластарымен кездесіп, өзінің шеберлігі мен жеңіске деген жігерін дәлелдеді.
Плей-офф кезеңіндегі нәтижелері:
* Ширек финал: Максим Волошкомен кездесіп, 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
* Жартылай финал: Қазақстандық Марк Бондаревті 7:5, 6:0 есебімен жеңді.
* Финал: Дмитрий Фазыловты 6:1, 4:6, 6:2 есебімен ұтып, турнир чемпионы атанды!
Топтық кезеңде Мұстафа Молдова өкілі Доминик Андрейченкомен және Самвел Тадевосянмен де кездесті.
Турнирге Қазақстан, Молдова, Армения, Иран және Грузия елдерінің жас теннисшілері қатысты. Бұл жарыс Мустафа үшін халықаралық тәжірибесін арттырып, өз деңгейін көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.
Мұстафаның бұл жетістігі — тынымсыз еңбектің, күнделікті жаттығудың, тәртіп пен табандылықтың нәтижесі. Жас спортшының жеңісі Қазақстан теннисінің болашағына деген сенімді арттыра түседі.
Мұстафа тенниспен 5 жасынан бастап айналысады. Ол Алматы қаласындағы “Alatau” теннис орталығында жаттығады. Жас спортшының жаттықтырушысы — Гайратов Шохрух. Мұстафа Алматы қаласының 12 жасқа дейінгі теннисшілер құрамасына кіреді.