AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматылықтардың алданышы / Алматыда "Полиция Барысы" турнирінің жеңімпазы аны...

Алматыда "Полиция Барысы" турнирінің жеңімпазы анықталды

Алматылықтардың алданышы 06.03.2026, 15:30 339 dulatbekova
Алматыда "Полиция Барысы" турнирінің жеңімпазы анықталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласында полиция департаменті қызметкерлері арасында ұлттық күрестен дәстүрлі "Полиция Барысы" турнирі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жарыс департаменттің спорт залында ұйымдастырылып, оған спорттық разряды бар 112 полиция қызметкері қатысты. Турнирдің ашылу салтанатына Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов қатысып, спортшыларға сәттілік тілеп, адал әрі тартысты белдесуге тілектестік білдірді. Тартысқа толы белдесулердің қорытындысы бойынша "Полиция Барысы" атағын департаменттің автошаруашылық қызметкері Жансерік Жұмабай жеңіп алып, жоғары дайындық деңгейі мен шеберлігін көрсетті.

Бірінші орынды — Түрксіб аудандық полиция басқармасы, екінші орынды — патрульдік полиция полкі, үшінші орынды — жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Алматы қаласы полиция департаментінің арнайы және кәсіби даярлық басқармасының бастығы Ерлан Әбсадық мұндай жарыстардың қызметкерлердің кәсіби және физикалық дайындығын арттырудағы маңызын атап өтті.

– Осындай турнирлер полиция қызметкерлерінің дене дайындығын нығайтып қана қоймай, командалық рухты қалыптастырады, төзімділік пен жігерді шыңдайды. Полиция қызметкері үшін күш-қуат, тәртіп пен шыдамдылықтың маңызы ерекше. Өйткені бұл қасиеттер қызметтің тиімділігі мен азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді, – деді Ерлан Әбсадық.

Айта кету керек, "Полиция Барысы" турнирі Алматы қаласы полиция департаментінде жыл сайын өткізіліп келеді. Оның басты мақсаты – спорттық дәстүрлерді дамыту, ұжымдық рухты нығайту және қызметкерлердің физикалық даярлық деңгейін арттыру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция барысы #турнир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Домбыраға тіл тигізген ақтөбелік сотталды

Бүгін 18:27

Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған орындықтар аллеясы ашылды

Бүгін 18:16

Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды

Бүгін 17:04

Алматы Оқушылар сарайының жас өнерпаздары «Бозторғай» гала-концертінде өз өнерлерін паш етті

Бүгін 17:02

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

Бүгін 16:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);