ffin.kz

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі! Сурет: М.themorningbulletin.com.au

Өнеге болу - өмір!


Қазақтың әрбір өсиет-өнегесі ұрпақ тәрбиесіне негізделген. Ата-бабамыз «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деп текке айтпаған. Бұл ұғым ислам мәдениетінің келуімен өркендей түсті. Осыған байланысты сауалнама жасаған едік.



Әлімхан ӘЛІМ, ғылыми қызметкер:


ТӘРБИЕ МЕН ІЛІМ ЕГІЗ ҰҒЫМ


«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» депті ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-фараби бабамыз. Әлемнің екінші ұстазы айтқан осынау қастерлі сөз өз деңгейінен түскен жоқ. Тіпті күні бүгінге шейін өзекті болыр тұр. Сонау орта ғасырда айтып кеткен нақыл сөздерін бүгінгі ұрпақтары қолданып, кәдемізге жаратып жүрміз. Абай атамыздың өмірбаянын жазып оны күллі ғаламға танытқан, Мұхтар Омарханұлы Әуезов тәрбие тал бесіктен басталатынын, дәлелдеп айтып кеткен. Сондағы мына бір шағын эпизодқа зер салайық. Абай жолында, 13 жасар кезінде оқудан қайтып үйіне оралады. Міне сол шақта анасына қарай бара жатқанда, шешесі Ұлжан алдымен әкесіне сәлемдесуді меңзейді. Сөйтіп бала Абай әкесіне сәлемдескен екен. Қазақ әйелдерінің ұлылығы, тәрбиеге мығымдығы осы жерден, осындай көріністерден бастау алатындығының жемісі осы емес пе? Меніңше ұлттық тамырдан ажырамаған, ана сүтімен, ата күшімен келетін, біртіндеп сіңетін нағыз өнеге осы болса керек-ті.


Әлгінде біздер қысқаша ғана тоқталдық. Шынымен дендеп, оның арғы шетін қаузар болсаңыз, небір ғажайып оқиғаларға тап боласыз. Сонымен қатар кеше ғана қалыптасып түсе салмаған халық екеніңізге көз жетіңкірей түседі.


Әлемде, өзінің тарихы мен шежіресіне барынша дендеп барып, ұлттық құндылықтарын зерттеу заңды құбылыс саналады. Бұл дегеніміз – өркендеу, өсу жолына қарай қадам басумен тең нәрсе. Халқымыз өзінің әр баласына сынайы қараған. Мықты тәрбие берген. 6 жастан атқа қондырған. Әскери өнерге баулыған. Нағыз ер-азаматша өсуге бейімдеген. Мұнда негізгі екі әдіс-тәсіл қолданылған. Бірі физикалық әдіс. Онда садақ тарту, атқа жөндеп отыру, тақым қысу, ширақ қимылдап, әскери өнерге жетік болу сынды қасиеттерді дарытқан. Одан кейін өздеріңіз білетін, ұлттық тәрбие. Мұнда моралдық құндылықтар көзделген. Үлкенге құрмет білдіру, кішіге ізет көрсету деген сияқты. Ешкімнің ала жібін аттамау, қайта қолыңнан келсе, жақсылық ету көзделген. Мінекей осыншама ізгі дүниені бойына құйып өскен, бала қалайша, өнегелі болып өспесін.


Әрине, кей кейде қазақтың тағылымдық-тәрбиелік ойларын оқып, естіп, көріп жүргеннен соң, өз халқымыздың құндылықтарына іштей разы боламыз.


Біздің даламызда мұсылманшылық IX-X ғасырларда кең қанат жайды. Сол кезеңдерде, жергілікті халықтың пайым парасаты жаңа өрлеу дәуіріне көтерілді. Бұл дегеніміз – ұрпақтың ауысуына негіз болды. Бірақ жергілікті жұрт өздерінің дәстүрлі жолынан айныған жоқ. Дәл солай ары қарай жүре берді. Ғылымда әсер етуші фактор міндетті түрде өз әсерін береді дейді. Ал мұнда парадокс бар.  Сондықтан көшпенділердің тегі, дәстүрі мықты болған.



Жұлдыз РАХАТҚЫЗЫ, психолог:


НЕ ЕКСЕҢ – СОНЫ ОРАСЫҢ


Психология ілімінде, ең ерекше көңіл бөлінетін саласы баланың жақсы діңгекте қалыптасуы. Өйткені жан тану ғылымы – адамның ішкі әлеміне үңілу, шешілмейтін түйіннің шешімін табу болып табылады. Балақандардың тәрбиесі басты күн тәртібінен ысырлмау керек деп санаймын. Себебі өмірлік жұмыс деп санаймын. Неге десеңіз? Қазір балалардың ойы, қабілеті басқа. Олар смартфондар мен гаджеттер арқылы тәрбиеленуде. Менің жеке пікірім 40-% өнегені ғаламтор беруде. Яғни, ислами, діни, қазақи, батыстық тәлімді бүгінгі бүлдіршін интернеттен алуда.


Бірақ тек интернеттен көріп жазғыра беруге болмас. Жаңа айтып кеткенімдей, мейілінше ұрпақ тәрбиесіне арнайы уақыт бөлгеніміз абзал. Өйткені, әркім өз баласының дарынды, үлгілі озат жан болып қалыптасқанын қалайды. Бұрынғы кездері ауылдық жерлерде ата-әже институты деген болған. Ата-аналар дәл бүгінгідей шала бүлініп, балаларын балбақшаларға апарып әуре-сарсаңға түспейтін. Себебі дайын тәрбие нәрін сіңдіруші атасы мен апасы тұрғанда басқаның керегі болмаған. Осы күні сол кездерді өзімде аңсап, шіркін-ай бір ауық сол қария кісілердің жандарына апарса ғой деп ойланып қаламын. Бұл дегеніміз бәрі XIX-XX ғасырда қалып, келмеске кетті дегенді білдірмейді. Қазақы нақышта тәрбиелей алатын үлкен кісілер де жас ата-аналарда бар. Дегенмен дәл бұрынғыдай болмасы анық.


Біздің балақандар қазір әбден технологияның тілін меңгерген. Оларды интернет, әлеуметтік желі тәрбиелеуде. Бұл тұрғыдан келгенде өзіміз таңғаламыз. Менің жиенім небары 5 жаста. Бірақ, смартфонды қолданғанда, әсіресе түрлі ойындар ойнағанда ересектерді таңдандырады. Бұл тек біздің үйдегі жағдай ғана емес. Айналамыздағы, жалпы қоғамдағы құбылыс осындай. Иә қазіргі балалардың замны мүлдем басқа.


Біздер жантану ғылымының саласында жүргеннен кейін алдымызға түрлі тағдырлы ата-ана келеді. Сөз басында айтқанымдай. Көбіне қалалық жерде тұратындар базынасын айтады. Бәрінікі бір мәселеге тіреледі. Сол баяғы балаларының телефон, гаджет ойындарына құмарлығы. Арасында кейбіреулері тамақ ішуге әзер шақыратын кез болатынын айтады. Бұның жолдарын, алдын алу қажеттігін жоғарыда біршама келтірдім. Тағы бір мәрте айта кетейін. Оның әдісі бала тәрбиесі көңіл бөлу. Басқа шығар, бұдан бұрылып басқа жаққа кетіп қалар жолы жоқ. Бір ауық не жасап жатұанып, нендей дүние көріп жүргенін, қандай ойынға құмарлығын білсеңіз болғаны. Содан соң барып, өзіңіз-ақ аналитикалық талдау жасай аласыз. Ақырында байыпты, мардымды нәтижеге қол жеткізе бастайсыз. Байқап бағамдар болсаңыз, бала тәрбиесі ертеңгі күнге дайындалған шамшырақ іспетті. Оны сіз бүгін дайындауға тырысыңыз. Сонда барлық толғандырған ойлар, өзі-ақ ретімен шешімін табады.


Сол себепті үлкендер жағы өз балапандарымыздың болашағына бей-жай қарамайық.



Ғалия ЖОЛДЫБАЙҚЫЗЫ, мұғалім:


ТӘРБИЕНІҢ ТАМЫРЫ ОТБАСЫДА


Исламдағы бала тәрбиесі – ең үлкен, мәні зор жауапкершікті іс. Бұған қарапайым қарамау қажет. Қазақ ертеңгі болашағын баласының тәрбиесімен ұштастырған. Бұл раста. Өзімізде бала-шаға өсіріп отырмыз. Мектепте де ұстаздық етудеміз. Бар ойымыз ақылды, ілімдар, пайым парасты биік жастарды қалыптастыру. Сол қаракөздеріміздің аман-есен болғанын көздейміз. Олар да өз ұрпақтарына, қазақы тағылымды сіңіре білсе – озғанымыз болар еді.


Бір жағы бала оқытып отырған ұстазбыз. Ал үйде өзімізде анамыз. Әлгінде айтқанымдай, барлық өнегені өз балаларыма барынша сіңдіруге тырысудамын. Біздер ауылда кішкентай кезімізде әке-шешемізден нендей дүниелерді үйренсек, соны өз балаларыңа береді екенсіз. Соны жәмен, біртіндеп түсінудеміз. Өзің алдыңда қаншама балаға тәрбие беріп отырып, өз жанұяда келеңсіздікке бой алдыруға әсте болмайды. Мұғалім, үйдегі ата-анадан кейінгі нағыз тәрбиеші, бір жағы психолог, керек десеңіз оқушының жанашыр досы. Мінекей көрдіңіз бе? Ондаған функцияны қатар атқарып келеміз. Бірақ, шаршамау қажет. Қажыр қайратты бойға жинап, өзімізден кейінгілерге үлгі-өнеге көрсететін жасқа жеттік. Біздің алдымыздағы аға буын үнемі айтып отырушы еді. Біздер таудан түсіп келе жатқан, былайша айтқанда базардан қайтқан жандармыз деп. Сонысы шындық екен қарағым.


Қазіргі жасөспірмдерге ең қажетті не нәрсе екендігін мен сізге айтайын. Ол әрине – сабырлық. Оның сыртында төзімділік. Осы асыл әрі ізгі қасиеттерді сіңіре білсек, өзғанымыз сол болар еді.


Бұрын бала күнімізде, өзімізден жасы үлкендердің киімін киіп өстік. Қандай тірлікке жұмсаса, сол айтқандарын қылдық. Еш қарсы уәж сөйлемедік. Ата-анамызда ағаның айтқаны жөн, не деседе көн деген қағиданы ұстанатын. Біздер дәп солай ететінбіз. Осы кездері ойлап қарасақ үлкен тәлім алыппыз. Біріншіден, қанағат етіп үйренесіз. Екіншіден, төзімділіктің дәмін татасыз. Үшіншіден, үлкенді сыйлап үйренеді екенсіз. Былай қарасаңыз ұрмайды, соқпайды осындай әдістермен бізге тәлім мен тәрбие беріпті. Оларға мың рақмет. Өмірден алған, нақтылағанда жиған терген тәжірбиемді артымыздан ерген ұрпақтарымызға беруден шаршамаймыз.


Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби бабамыз «тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» депті. Жоғарыдағы пікірлерді топтай келсеңіз түбі осыған саяды. Мұны бір сөзге сыйғызу мүмкін емес. Сондықтан исламдағы бала тәрбиесінің ауқымы зор деген ойдамыз.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32

12:13

11:56

11:52

11:40

11:29

11:11

11:05

10:49

10:47

10:36

10:16

10:08

09:54

09:17

09:03

08:49

08:05