AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматылықтардың алданышы / Алматы студенттері арасында тоғызқұмалақтан турнир...

Алматы студенттері арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

Алматылықтардың алданышы 08.12.2024, 10:48 1,061 yakiya
Алматы студенттері арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті
Ұйымдастырушыдан

Турнир 16 жоғары оқу орны студенттерінің арасында өтті.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде тоғызқұмалақтан«Мәңгілік жадымда сен – Желтоқсан 86» атты республикалық жекелей ашық турнир өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жарыс жастар арасында ұлттық ойынды насихаттау, танымалдылығын арттыру, сондай-ақТәуелсіздік жолындағы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Турнир Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласы Тоғызқұмалақ Федерациясы және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бірлескен ұйымдастыруымен өтті.

«Желтоқсан көтерілісінің күрескерлерінетағзым ретінде бүгін тоғызқұмалақ ойыны ұйымдастырылып отыр. Жыл сайын «Мәңгілікжадымда сен – Желтоқсан 86» деген атаумен қазақтың ұлттық ойындарынан осындай жарыс өткізіліп отырады. Себебі 86 жылғы көтерілісшілер ел тәуелсіздігі үшін күресіп қана қоймай, ұлттық спорттың өркендеуіне де зорүлесін қосты. Бізді ұмыт қалдырмай, үнеміосындай құрмет көрсетілетіні үшін өте қуаныштымыз», – деді республикалық «Желтоқсан – 86 Тәуелсіздік қырандары» Халық қаһармандары қозғалысының төрайымы Жүніс Гүлбахрам Есмұратқызы.

Турнир ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бекіткен «Тоғызқұмалақ қағидасына» сәйкес өткізілді. Жеңімпаздарға арнайы грамота, медаль, кубок және бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар шара барысында Алматы қаласыТоғызқұмалақ Федерациясының Президенті ӘкімТұрсын ұлттық ойынның дамуына үлес қосқандарға және жарысқа үздік шәкірттер дайындағандарға Алғыс хат табыстады.

«Қатысушылар үздік ойын көрсетті. Болашақта әлемді бағындырар спортшыларымыздың бірі болады деп үміттенеміз. Сәттілік тілеймін», – деді Алматы қаласы Тоғызқұмалақ Федерациясының директоры, бас төреші Қалдыбаев Азамат.

Тартысты ойында жеңіске жеткен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Нұрай Ғаниқызы өз қуанышымен бөлісті: «Университеттер арасында өткен бүгінгі жекелей ашық турнирде мен І орынды иелендім. Қуанышымда шек жоқ. Ұйымдастырушыларға рақмет».

Тоғызқұмалақ ойыны – қазақ халқының тереңтарихи тамырынан нәр алып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық құндылықтардың бірі. Бұл зияткерлік ойын тек дәстүрімізді насихаттап қана қоймай, жастардың ой-өрісін дамытуға да ықпал етеді.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Желтоқсан қаһармандары #тоғызқұмалақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);