Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматылықтардың алданышы / Алматыда 22 елдің қатысушылары жүгіру маусымын ашт...

Алматыда 22 елдің қатысушылары жүгіру маусымын ашты

Алматылықтардың алданышы 15.02.2026, 11:47 205
Алматыда 22 елдің қатысушылары жүгіру маусымын ашты
Қайрат Қоныспаев

Алматыда қалалық әкімдіктің қолдауымен «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырған Winter Run жарысы өтті. Бұл биылғы жүгіру маусымындағы алғашқы старт. Жарыс жолына 22 елден келген 2 500 адам шықты.

Winter Run дәстүрлі түрде әуесқойлар мен тәжірибелі спортшыларды біріктіріп, жаңа маусымның символдық басталуына айналды. Биыл жарысқа 22 мемлекеттен 2 500 қатысушы тіркеліп, оның ішінде шетелден келген спортшылар саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 116 адам болды.

Жоба географиясы Орталық Азия елдерін – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанды қамтыды. Сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Испания, Польша, Швейцария, Швеция, Норвегия, Украина, Беларусь және Ресей азаматтары қатысты. АҚШ, Канада, Қытай, Моңғолия, Филиппин және Жаңа Зеландиядан келген желаяқтар да жарыс көркін қыздырды.

Жарысқа 10 мен 75 жас аралығындағы спортшылар қатысты. Ең жас спортшы алғашқы мерейтойын дәл жарыс жолында атап өтсе, ең үлкен жастағы қатысушы жүгірудің жасқа бағынбайтын спорт екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

«Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есеновтің айтуынша, қысқы старт жыл бойы өтетін жарыстарға серпін береді: «Биыл біз үшін айрықша жыл,Almaty Marathon алғашқы стартынан бері 15 жыл толып отыр. Барлық жарыс қатысушыларды маусымның басты оқиғасына жүйелі түрде дайындауға бағытталған. Қор ұйымдастыратын старттардың халықаралық мәртебесі нығайып келеді, түрлі елдерден спортшылар келуі қаланың экономикасы мен шағын бизнесінің дамуына да оң ықпал етеді».

Маусымдағы келесі ірі жарыс — 19 сәуірде өтетін Almaty Half Marathon. Оған 10 мың қатысушы жиналмақ.

Ал 27 қыркүйекте алғашқы старттың 15 жылдығына арналған мерейтойлық Almaty Marathon өтеді. Бағдарламада 10 шақырым, 10 шақырым (скандинавиялық серуен), 21,1 шақырым, 42,2 шақырым қашықтықтар және «Экиден» командалық эстафетасы қарастырылған.

Дәстүр бойынша «Бірінші болу - батылдық» қоры старттық жарналардың бір бөлігін қайырымдылыққа бағыттайды. Қатысушылар қосымша ерікті қайырымдылық жарна аудару мүмкіндігіне де ие.

Almaty Marathon және Almaty Half Marathon жарыстарына тіркелуге болады. Жарыстардың толық күнтізбесі almaty-marathon.kz сайтында жарияланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Almaty Marathon
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика