конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматылықтардың алданышы / Алматыда тұрғындарға арналған тегін жүгіру жаттығу...

Алматыда тұрғындарға арналған тегін жүгіру жаттығулары басталды

Алматылықтардың алданышы 13.05.2026, 18:15 356
Алматыда тұрғындарға арналған тегін жүгіру жаттығулары басталды
Алматы әкімдігі

Алматыда қалалық Спорт басқармасының қолдауымен «Спорт-достық алаңы» бағдарламасы аясында тұрғындарға арналған тегін жүгіру жаттығуы басталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жоба ірі қалалық жарыстарға дайындық аясында «Бірінші болу- батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырып отыр.

Жаттығулар аптасына екі рет Орталық стадион аумағында өткізіледі. Сәрсенбі күндері қатысушылар сағат 19:30-да стадионның жүгіру жолында жаттықса, сенбі сайын таңғы 10:00-де стадион айналасында жиналады. Қатысу тегін, алдын ала тіркелу қажет емес.

Бағдарлама жүгіруді енді бастағандар мен ұзақ үзілістен кейін спортқа қайта оралғандарға арналған. Қатысушылар дұрыс жүгіру техникасын меңгеріп, денені қыздыру мен қалыпқа келтіру жаттығуларын орындауды үйренеді. Сондай-ақ жүктемені тиімді бөлу, спорттық киім таңдау және дұрыс тамақтану бойынша кеңестер беріледі.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бұқаралық спортты дамыту және дене шынықтырумен айналысуға қолжетімді жағдай жасау қала саясатының басым бағыттарының бірі.

Бұған қоса, Open Run by Almaty Marathon Telegram арнасында жаттығу үдерісі, қалыпқа келу және денсаулық сақтауға қатысты материалдар жарияланып тұрады. Бұл қатысушылардың дайындықтарын жүйелі жүргізуіне мүмкіндік береді.

«Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры мұндай тегін жаттығуларды 2016 жылдан бері ұйымдастырып келеді. Қазіргі таңда бұл бастама Алматыдағы жүгіру мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған.

«Былтырдың өзінде біздің іс-шараларға 40 мың адам қатысты. Жүгіруге қызығушылықтың артып келе жатқанын көріп отырмыз, сондықтан тегін жаттығу форматын дамытуды жалғастырып келеміз. Біздің мақсат – адамдарды тек жарысқа дайындау ғана емес, жүгіруді күнделікті өмір салтына айналдыру», — деді «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

Сонымен қатар Алматыда community-форматтағы жүгіру қозғалысы да қарқын алып келеді. Әр жексенбі сайын Community Almaty Run ашық жүгіру кездесулері ұйымдастырылып, оған түрлі деңгейдегі жүгіру әуесқойлары қатысады. Бағдарлама аясында білім беру дәрістері мен еркін кездесулер де өткізіледі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 2026 жылы 27 қыркүйекте өтетін мерейтойлық 15-ші Almaty Marathon жарысына тіркелу жүріп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жүгіру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берудің басталу және аяқталу уақыты өзгертілген учаскелердің тізімі

Бүгін 19:22

Сайлаушыларды дауыс берудің уақыты мен орны туралы хабардар ету

Бүгін 19:04

Орал қаласында Құтқарушылар аллеясы ашылды

Бүгін 18:00

Алматыда LRT желісін 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр

Бүгін 17:18

Қазақша минимализм: саналы өмір салтының жаңа парадигмасы

Бүгін 17:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);