Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматылықтардың алданышы / Алматыда 50 мыңнан астам оқушы мен студент бір мез...

Алматыда 50 мыңнан астам оқушы мен студент бір мезетте таңғы жаттығу жасады

Алматылықтардың алданышы Бүгін 11:02 44
Алматыда 50 мыңнан астам оқушы мен студент бір мезетте таңғы жаттығу жасады

Алматыда «Чемпиондық Рух» атты қалалық спорттық жоба өтті. Акция аясында 225 білім беру ұйымының 50 мыңнан астам оқушысы мен студенті мектептері мен колледждерінің спорт алаңдарында бір уақытта жаппай таңғы жаттығу жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері хабарлады.

Аталған бастама «Жастар Рухы» жастар қанаты және AMANAT партиясымен, сондай-ақ Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, Спорт басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды.

Жоба салауатты өмір салтын насихаттауға және «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамаларын қолдауға бағытталған.

Іс-шараның орталық алаңы қалалық стадион болды. Мұнда оқушылар, спортшылар және түрлі ұйымдардың өкілдері жиналып, бірлескен жаттығулар мен тақырыптық іс-шараларға қатысты.

«Бұл жастармен жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Біз салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруды, дұрыс құндылықтарды дәріптеуді және есірткіге қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыруды көздейміз. Осындай бастамалар командалық рухты нығайтып, спортқа деген қызығушылықты арттырады», – деді Алматы қаласы Білім басқармасының Дене шынықтыру және спорт орталығының директоры Бақтияр Елемесов.

Мұндай жобаларды дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, қатысушылар саны артады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жаттығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жер-Ана тағдыры – адамзат қолында

Бүгін 12:21

Алматыда биыл 51 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Бүгін 12:17

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

Бүгін 11:54

Түрксіб ауданында 6100 орындық төрт жаңа мектеп ашылады

Бүгін 11:36

Алматының Түрксіб ауданы ескі үйлерді біртіндеп жаңартып жатыр

Бүгін 11:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика