Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматылықтардың алданышы / Giro d’Almaty-2025 веложарысына 200-ден астам вело...

Giro d’Almaty-2025 веложарысына 200-ден астам велосипедші қатысты

Алматылықтардың алданышы 19.10.2025, 16:33 512
Giro d’Almaty-2025 веложарысына 200-ден астам велосипедші қатысты
Қайрат Қоныспаев
Демалыс күндері велоспорт әуесқойлары мен ардагерлері дәстүрлі Giro d’Almaty-2025 шосселік жарысына жиналды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шараны Алматы қаласы жаттықтырушылар қауымдастығы ұйымдастырған.
 
«Алматылықтардан бөлек, жарысқа Астана, Көкшетау және еліміздің басқа да қалаларынан келген спортшылар қатысты. Бүкіл маршрут спорт әлемі мен табиғат аясындағы ұмытылмас саяхатқа айналды. Әрбір қатысушы адреналин мен шабыт сезінді», – деді Алматы қаласы спорт федерациясының президенті Бахтияр Мамыров.
 
Жарыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші күні, сенбіде қатысушылар Медеу ауданындағы Ядролық физика институтынан бастап биік таудағы «Медеу» мұз айдынында мәреге жетті. Ерлер 63 шақырым, әйелдер 35 шақырым қашықтықты еңсерді.
 
Бүгінгі, екінші күні жарыс Royal Tulip Almaty қонақ үйінен басталып, мәресі тағы да «Медеу» спорт кешенінде өтті. Таулы кезеңнің ұзындығы 9 шақырым болды.
Жеңімпаздар екі күндік нәтижелер бойынша анықталды. Жарысқа 18 жастан асқан спортшылар қатысты.
 
«Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен Жеңіскүл Оспанова марапатталды.
 
Жас ерекшелігі бойынша жеңімпаздар:
• 18-29 жас: Ислам Османов.
• 30-39 жас: Арсений Никитин және Анастасия Евтушенко.
• 40-49 жас: Вадим Ежаков және Екатерина Шатная.
• 50-59 жас: Талғат Әмірбеков және Әсел Сәкенова.
• 60+: Алексей Абраменко.
 
Әйелдер арасында кейбір жас санаттарында қатысушылар болмады.
Giro d’Almaty-2025 жарысының абсолютті чемпиондары – Анастасия Волчанская мен Евгений Сладков.
 
Алматылық Анастасия Евтушенко жетістік сырын айтты:
– Мен екінші жыл қатарынан кәсіби жаттықтырушымен бірге Sundaybike әуесқойлар командасында жаттығамын. Негізгі ереже – күшті дұрыс бөлу. Бастапқыда тым жылдам емес, біртіндеп қарқын қосу керек. Әр жарыста уақытымды жақсартуға тырысамын, – деді Анастасия Евтушенко.
 
Өз жас санатының жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алексей Абраменко 67 жаста болса да, салауатты өмір салтын белсенді насихаттап жүр.
– Адамның жасы жоғары деңгейде спортпен айналысуға кедергі емес. Баршаңызды белсенді өмір салтын ұстануға шақырамын. Қозғалыс – бұл өмір, – деді ол.
 
Көрермендердің ерекше назарына 79 жастағы қатысушы Жеңісгүл Оспанова ие болды. Ол өз үлгісімен рухтың мықтылығын және жеңіске деген жігерін көрсетті. Табандылығы мен шабыт бергені үшін оған арнайы сыйлық табыс етілді.
 
Қатысушылардың айтуынша, жақсы ұйымдастырылған Giro d’Almaty-2025 веложарысы жоғары деңгейде өтті.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Веложарыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі