AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматылықтардың алданышы / Алматының журналистері мен блогерлеріне арналған б...

Алматының журналистері мен блогерлеріне арналған байқау

Алматылықтардың алданышы Бүгін 11:32 52 yakiya
Алматының журналистері мен блогерлеріне арналған байқау

Байқау медиасала өкілдерінің кәсіби әлеуетін қолдап, дамытуға бағытталған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай журналистер мен блогерлердің арасында өтетін ашық байқауға өтініш қабылдау басталғанын хабарлайды.

Байқау медиасала өкілдерінің кәсіби әлеуетін қолдап, дамытуға бағытталған. Мына тақырыптағы материалдарға көп көңіл бөліп отырмыз:

* Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы

* «Taza Qazaqstan» идеологиясы туралы

* Жастардың қоғамдағы рөлі

* мен өзге де өзекті тақырыптарға

🗓️ Өтінішті

12 мамырдан 14 маусымға дейін (қоса алғанда) rskalmaty.info@gmail.com поштасына жолдау қажет.

🏆 Марапаттау:

маусым айының соңында, БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Алматы қаласында өтеді. Жеңімпаздарға сыйлық беріледі.

🎯 Байқаудың мақсаты — қаланың дамуына үлес қосып жүрген дарынды авторлар мен медиаменеджерлерді анықтап, қолдау мен ынталандыру.

👥 Қатысатындар:

* журналистер, тілшілер, редакторлар

* фототілшілер мен тележүргізушілер

* блогерлер қауымдастығының өкілдері

* БАҚ-тың штаттағы және штаттан тыс авторлары

📌 Қатысудың шарты:

* Қазақстан Республикасының азаматтары ғана қатыса алады

* жұмыс 2025 жылғы 1 қазан мен 2026 жылғы 14 мамыр аралығында жарияланған болуы тиіс

* материалды бір-ақ автор дайындауы тиіс

* ұжымдық (бірлесіп істеген) жұмыс қабылданбайды

* бір адам бір-ақ жұмыс ұсына алады

📄 Материалға қойылар талап:

* форматы: DOCX/DOC, PDF, RTF

* жанры: мақала, сұхбат, репортаж

* материал Қазақстанда тіркелген баспа немесе электрондық БАҚ-та жариялануы тиіс

⭐Құлаққағыс:

Біз тек ақпараттық емес, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, оң өзгеріске ықпал ететін жұмыстарды күтеміз.

Байқаудың номинациясы:

1. Алматы қаласы туралы үздік материал (лонгрид)

(урбанистика, экология, көлік, инфрақұрылым)

2. Алматы туралы үздік тақырыптық бағдарлама

3. Жасанды интеллектіні пайдалана отырып жасалған Алматы туралы үздік жоба

4. Алматыда жүзеге асып жатқан реформалар туралы үздік материал (сюжет, блог)

5. «Taza Qazaqstan» — экология мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты үздік материал (сюжет, блог)

6. Алматы жастары туралы үздік материал

7. Алматыдағы туризмді дамыту туралы үздік материал

8. Алматы аудандарының өмірі туралы үздік репортаж

(жергілікті оқиғалар, шағын аудандардың дамуы, қала тұрғындарының күнделікті өмірі)

9. Алматыдағы кәсіпкерлік пен бизнестің дамуы туралы үздік материал

(шағын және орта бизнес, стартаптар, табысқа жету жолы)

10. Алматының мәдени өмірі туралы үздік материал

(өнер, көрмелер, театрлар, креативті индустриялар)

11. Журналистика немесе блогингтегі үздік дебют

(бастаушы авторлар үшін)

12. Алматы туралы үздік әлеуметтік бейне-контент

(цифрлық платформаларға арналған қысқа видеолар)

13. Қала тұрғындарының денсаулығы мен әл-ауқаты туралы үздік материал

(денсаулық сақтау, салауатты өмір салты)

14. Алматыдағы білім беру саласының дамуы туралы үздік материал

(білім беру жобалары, инновациялар, білімнің қолжетімділігі)

15. Алматы қаласы туралы үздік фотожоба

(фоторепортаж, визуалды оқиғалар)

Қосымша сұрақтар бойынша +7 706 633 7852 (Whatsapp) нөміріне хабарласуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#журналист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар бизнес бастау үшін 1,7 млн теңгеге дейін грант ала алады

Бүгін 11:46

Алматыда қандай мамандық сұранысқа ие екенін айтты

Бүгін 11:39

ІІМ оқушылар мен студенттерге үндеу жасады

Бүгін 11:22

Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) қабылдайды: 50 елден 900-ден астам қатысушы, 8 фиджитал спдисциплина және 4 млн АҚШ долларынан астам жүлде қоры

Бүгін 11:01

Ұлттық Банк «ALTYN ORDA» коллекциялық монетасын таныстырды

Бүгін 09:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);