Республика күні қарсаңында Наурызбай ауданында №202 жаңа балабақша ашылды

  • 13:55, 24 қазан 2025
Республика күні қарсаңында Наурызбай ауданында №202 жаңа балабақша ашылды Алматы әкімдігі

Республика күні қарсаңында Наурызбай ауданының Шұғыла шағынауданында №202 жаңа балабақша ашылды. Мекеме 320 бүлдіршінге арналған, бүгінде мұнда 298 бала тәрбиеленіп жатыр.

Балабақшада үш ересек, екі кіші, үш орта, үш даярлық, бір аралас және бір арнайы топ жұмыс істейді. Жақын уақытта инновациялық кабинет ашылмақ. Балалардың жан-жақты дамуы үшін музыка және спорт залдары қарастырылған, сондай-ақ робототехника элементтері енгізіліп жатыр. Аулаға қауіпсіз жабынды төселген 13 ойын алаңы бар.

Жаңа балабақшаны қосқанда Наурызбай ауданында 6 мемлекеттік және 161 жекеменшік барлығы 167 балабақша жұмыс істеп тұр, онда 9 808 бала тәрбиеленіп жатыр. 

Қазіргі уақытта ауданда тағы үш балабақша салынып жатыр: екеуі – 320 орындық "Нұрлы Дала" тұрғын кешенінде және Құрамыс шағынауданында, біреуі – 240 орындық Қалқаман шағынауданында.

Жаңа балабақшалардың ашылуы – Наурызбай ауданының кешенді дамуы мен бүлдіршіндердің сапалы білім алып, жайлы ортада тәрбиеленуіне бағытталған маңызды қадам.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:39

16:23

16:21

16:13

16:12

16:00

15:44

15:30

15:15

15:06

14:52

14:30

14:15

14:06

14:00

13:55

12:16

12:11

12:06

11:58

11:50

11:44

11:32

11:30

11:21