Биылғы күздің "түсі" қандай?

Биылғы күздің "түсі" қандай? zolotoy.ru

Күздің сәнді түстері: Pantone-нің ұсыныстары және стилист кеңесі

Күз – киім, аксессуар және сыртқы образды толық жаңарту кезеңі. Биылғы күздің түстері бұрынғыдан да ерекше. Сән әлеміндегі түс сарапшысы – Pantone Color Institute өзінің Fashion Colour Trend Report Autumn/Winter 2025-2026 атты зерттеуінде «Жыл түсі» ретінде – Mocha Mousse – жылы, қанық қоңыр түсті таңдады.

Негізгі түс трендтері

1. «Mocha Mousse» – сәндегі бейтарап базалық реңктердің бірі. Бірыңғай монохром (барлық киім бір реңкте) өте сәнді. Сонымен бірге, Mocha Mousse-ты ашық түстермен үйлестіріп кию де жарасымды.

2. «Winterberry» тәрізді қызғылт түс – сән саласының мамандары бұл реңкті күз/қыс маусымындағы маңызды акцент деп таныды. Бұл түсті де бастан аяқ киюге немесе қара, көгілдір, сұр базалық түспен үйлестіруге болады.

3. Brandied Melon / Amber – бұл реңк те күзде ерекше табиғи көрінеді. Бұл қоңыр және сүт реңкті түспен өте әдемі үйлеседі.

4. Fern / Olive Green – бұл да табиғи түс болғандықтан әсіресе, серуенге, қыдырысқа киетін киімге ерекшелік береді. Ақшыл немесе қара түстермен жақсы үйлеседі. Сондай-ақ, жасылды аксессуар арқылы акцент ретінде қолдануға болады.

5. Deep Plum / Damson – сәнгерлер күлгін түсті де күзгі тренд ретінде қабылдады.Вельвет, атлас, былғары сияқты материалдарға бұл түс ерекше жарасымды, қара және металл элементтермен толықтыруға болады.

Стилистер не дейді?

Ылғи бір түсті киім киюге үйренгендерге мамандар жаңа, сәнді реңктерді біртіндеп енгізуге кеңес береді.

         1.      Түстерді бір-екі акцентпен қосып көріңіз. Егер бұрын күзде қара-ақ, қара-қоңыр түсті көбірек қолданған болсаңыз, биыл Mocha Mousse, зәйтүн немесе күлгін реңкті бір аксессуар алыңыз.

         2.      Тек түске ғана емес, текстураға да мән беріңіз. Түсінің әдемілігімен қатар, матаның сапасы да маңызды: мысалы, Mocha Mousse түсті кашемир, вельвет, жоғары сапалы былғары бұйымдар ерекше көрінеді.

         3.      Монохром (бір түсті киім) трендін қолданыңыз. Толықтай қоңыр костюм немесе сыртқы киім – күздің сәнді символы.

         4.      Түстерді үйлестіріңіз. Мысалы, Mocha Mousse + зәйтүн жасыл, немесе қызыл акцент + бейтарап түсті контраст пен үйлесім образды жандандырады.

         5.      Теріңіздің реңін ескеріңіз. Жылы реңкті тері үшін (қоңыр, тоқсары, жасыл) жақсы болса, салқын реңкті теріге (баклажан, бордо-күлгүн) ұсынылады.

         6.      Көңіл-күйге сай түс таңдаңыз. Pantone анықтаған түстер – жай ғана сән емес, сонымен бірге эмоциялық фон екенін естен шығармаңыз.

Қазір сәнге мән беретіндердің қарасы көбейген. Әр маусымда көйлек-көншегін жаңалау үшін стилистің қызметіне жүгінетіндер де баршылық. Қыз-келіншектерге киім таңдап, образ құрауға көмектесіп жүрген стилист Гүлден Қуаныш былай деді:

2025 жылдың күз-қыс мезгіліндегі сән бағыты табиғатпен үйлескен жылы түстер мен еркін, жайлы үлгілерге негізделген. Маусымның басты түсі – мока реңкі, яғни қою қоңыр мен сүтті кофе түстерінің қосындысы. Сонымен қатар, күлгін түс те кеңінен қолданылады. Ал күнделікті киімде сұр, қара-қоңыр секілді бейтарап түстер өзектілігін жоғалтпайды.
Бұл маусымда жүн мен барқыттан тігілген киімдер сұранысқа ие болады. Сонымен бірге, былғары бұйымдар да сәнге оралып отыр. Киім үлгілерінде қабаттап кию тәсілі кең таралады. Себебі, бұл әрі жылы, әрі стильді көрінетіні сөзсіз.

Соңғы жылдары сән тек көркемдікке емес, экологиялық тазалық пен ұзақ мерзімділікке де назар аудара бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:15

14:06

14:00

13:55

12:16

12:11

12:06

11:58

11:50

11:44

11:32

11:30

11:21

11:08

10:57

10:33

10:15

10:10

10:02

09:50

09:42

09:35

09:33

09:12

09:06