конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Онлайн курс көңіліңізден шықпаса, ақшаны қалай қай...

Онлайн курс көңіліңізден шықпаса, ақшаны қалай қайтарып аламыз?

Мұны білген жөн 24.10.2025, 12:06 735
Онлайн курс көңіліңізден шықпаса, ақшаны қалай қайтарып аламыз?
depositphotos.com

Кейінгі жылдары онлайн платформалар қаптап кетті. Қымбат курс сатып алып, сабақты оқымаған не ұнатпаған жағдайда ақшаны қайтаруға бола ма? Заңгер Индира Өмірзақова жауап берді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

"Егер курс сабақтары кезең-кезеңімен ашылатын болса, мәселе оңай шешіледі", - дейді заңгер.

Мысалы, екінші сабақ біріншісі өткенше ашылмаса, материалдар модульдерге бөлінген болса, игерілмеген сабақтарға ақша қайтаруды талап етуге болады. Бұл жағдайда платформалар қай сабақтар ашылғанын тіркеуі керек, сондықтан тұтынушы үшін өнімді пайдаланбағанын дәлелдеу әлдеқайда оңай.

Өмірзақованың айтуынша, мұндай жағдайда оқу орнынан жазбаша талап‑шот (претензия) жіберу жеткілікті болады. Онда Азаматтық кодексінің 686‑бабына және Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы Заңның 8.1‑бабына сілтеме жасау ұсынылады.

Барлығына бірден қолжетімді болса, қиындық көбеймек

Егер курсқа төленгеннен кейін барлық материал бірден ашылып кетсе, жағдай күрделірек. Мұнда көпнәрсе шартқа байланысты болады. Оферта немесе пайдаланушы келісімінің нақты мәтіні шешуші рөл атқарады.

"Келісім дұрыс жасалмаған болса немесе қашықтан көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілмеген болса, тұтынушы ақшасын қайтарып алуы мүмкін. Бірақ көбіне курс сататындар өздерін қорғайды, яғни сабақ толық қолжетімді болғаннан кейін қайтарым жасалмайтынын шартқа алдын‑ала жазып қояды", - ескертеді заңгер.

Бұл жағдайда не істеу керек?

  • Шартты (оферта, пайдаланушы келісімі) төлем жасамас бұрын мұқият оқып шығыңыз.
  • Ашылған курстарды, қайтарым шарттарының скриншоттарын сақтаңыз.
  • Егер оқу орны сіздің құқықтарыңызды бұзғанына сенімді болсаңыз, алдымен жазбаша претензия жолдап, жауап келмесе, сотқа немесе медиаторға жүгінуге болады.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#онлайн курс #Кеңес #заңгер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісін алдын ала анықтайтын жаңа орталық ашылды

Кеше 17:10

Аймағамбетовтен 6 кеңес

Кеше 16:10

Алматыда жатақханасыз қалған студенттерге көмектесетін орталық ашылды

Кеше 16:10

Алматыда Спорт күніне орай Red Bull Dance Your Style би баттлдары өтті

Кеше 15:08

Бес жылды айқындайтын бір күн: 23 тамызда неге шет қалуға болмайды?

Кеше 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);