Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қазақстандағы алғашқы жұмыспен қамту орталықтары қ...

Қазақстандағы алғашқы жұмыспен қамту орталықтары қалай құрылды? Бахтияр Камаловтың естеліктері

Мұны білген жөн 24.10.2025, 11:21 387
Қазақстандағы алғашқы жұмыспен қамту орталықтары қалай құрылды? Бахтияр Камаловтың естеліктері
Бахтияр Камаловтың жеке архивінен

Қазақстан Республикасы күні мен үшін ерекше, жеке мәнге ие. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдыраған кезде мен Алматы қаласындағы Мәскеу аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып істедім. Бұл - үлкен өзгерістердің, толқулар мен үміттердің уақыты еді.

1990 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдады, ол ел тәуелсіздігінің бастауы болды. Ал 1991 жылғы 7 қыркүйекте Алматыда Қазақ Коммунистік партиясының XVIII төтенше съезі өтті – бұл партия тарихындағы соңғы съезд еді. Сол съезде партия таратылды. Осылайша мен де, менің көптеген әріптестерім сияқты, жұмыссыз қалдым. Ескі жүйе кетіп, жаңа дәуірдің басталып келе жатқанын сезіндік.

Жаңа қызметтің алғашқы қадамдары 

Сол уақытта қала аудандарында бұрынғы еңбекпен қамту бюролары жұмыспен қамту орталықтарына айналдырыла бастады. Мені Алматы қаласы еңбек, жұмыспен қамту және көші-қон басқармасының бастығы Нұрланов Амангелді Жұмаханұлы шақырып, Мәскеу аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры қызметін ұсынды.

Бастапқыда мен бас тарттым. Сонда Нұрланов А.Ж. маған «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңды беріп, былай деді:

"Жақсылап танысып шық, сосын шешім қабылда."

Келесі күні ойланып келіп, келісімімді бердім. Барлығын нөлден бастау керек болды - ғимарат іздеу, кадрлар жинау, жұмыс ұйымдастыру. Аудандық атқару комитеті маған кезінде өзім еңбек еткен №12 техникалық училищеңің бір бөлігін бөлді. Ұжымның көпшілігі бұрынғы партия қызметкерлерінен құралды.

Біздің алдымыздағы алғашқы маңызды міндет - Мәскеу ауданының жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлеу еді. Ресейден әдістемелік нұсқаулар келді, бірақ статистикалық деректер жеткіліксіз болды. Соған қарамастан, біз аудандық атқару комитетінің экономика бөлімінің мамандарымен бірігіп, бағдарламаны дайындап шықтық. Кейін осы аудандық бағдарлама негізінде қалалық, ал содан соң республикалық бағдарлама жасалды.

Біз қалалық алғашқы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткіздік, аудан кәсіпорындарымен тығыз байланыс орнатып, жұмысшылардың қысқаруын талдадық. Қызу жұмыс жүріп жатты – телефон стансасымен келісіп, байланыс желілерін жүргіздік, кеңселерді жабдықтадық.

Күтпеген сынақ

Көп ұзамай мені Еңбек министрлігі жанындағы Жұмыспен қамту бас басқармасы ұйымдастырған республикалық орталық директорларының семинарына жіберді. Мен жаңа заңдағы практикалық сұрақтарға жауап аламын деп үміттенгенмін, бірақ олай болмады. Семинардың соңғы күнінде мен ұсыныс айттым:

"Келесі жолы заңның авторларын шақырыңыздар. Біз заңның мәтінін ғана емес, оның іске асу тәжірибесін де талқылауымыз керек. Мемлекет - түбі жоқ бөшке емес, қаржыны орталықтарды техникамен, компьютермен, факспен, байланыс құралдарымен жабдықтауға бағыттау керек."

Менің білмегенім - залда Еңбек министрі Саят Дүйсенбайұлы Бейсенов отырған екен. Семинардан кейін Бас басқармадан қоңыраулар келіп, маған жұмыстан өз еркіммен кету туралы өтініш жазуды талап етті. Мен жаздым.

Әріптестерім таңырқап:

"Неге сен кетуің керек? Біз үлкен іс бастап жатырмыз ғой!" - деді.

Ағам Ұразбай маған кеңес берді:

 "Кешірім сұраған басты шаба бермейді – министрдің өзіне бар."

Министрмен кездесу

Келесі күні мен Саят Дүйсенбайұлының қабылдауына бардым. Екі сағат күткен соң кірдім. Министр маған қарап күлімдеп:

"Мынандай өжет баланы қайдан таптық?" – деді.

Сосын менің Өзбекәлі Жәнібековпен бірге жұмыс істегенімді еске төсірді. Мен асыра айтып қойғаным үшін кешірім сұрап, былай дедім:

"Мені жұмыстан босатпас бұрын, біздің орталықтың қалай жұмыс істеп жатқанын өз көзіңізбен көріңіз."

Министр келісті. Біз бірге бардық. Саят Дүйсенбайұлына ғимараттың сыртқы көрінісі, кеңселердің ұқыптылығы, ақпараттық стендтердің мазмұны ұнады. Ол ұжыммен жылы сөйлесіп, тіпті партмектептегі бұрынғы курстасын – Галина Воротынцеваны кездестірді.

Менің баяндамамнан кейін министр былай деді:

"Ал мен бұл адамды жұмыстан босатқалы жүрген едім ғой."

Сосын қосып қойды:

"Ертең таңертең менің кабинетімде бол."

Келесі күні біз бірге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне бардық. Сол жерде менің жаңа қызметім келісілді. Министр мен қалай салада өзімді пайдалы етіп көретінімді жазып беруді сұрады. Мен жұмыспен қамту қызметінің үйлестіруін, кадрлық әлеуетін қалыптастыру мен материалдық-техникалық базасын дамыту ісін ұсындым.

Сол күні-ақ Еңбек министрлігінің алқасында Саят Дүйсенбайұлы мені Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің Жұмыспен қамту бас басқармасы бастығының орынбасары ретінде таныстырды. Осы сәттен бастап менің өмірімнің жаңа, жауапты кезеңі басталды.

Жасамраздық жылдары

Жұмыс соншалық көп болды, кейде ұшақта ұйықтайтынмын. Біз республика бойынша жұмыспен қамту орталықтарының материалдық-техникалық базасын қалыптастырдық. Барлық орталықтар көлікпен, компьютермен, жиһазбен, қажетті құралдармен қамтамасыз етілді.

Есімде ерекше қалған жоба – Германиядан шығарылған әскери қызметшілерді қайта даярлау бағдарламасы. Келісім бойынша неміс тарапы оқу орталықтарына арналған құрал-жабдық орнатуға қаржы бөлген еді. Қазақстан бес жыл ішінде нысанды дайындауы тиіс болатын.

Алайда бюрократиялық кедергілерге байланысты екі жыл жоғалтып алдық, және неміс тарапы өз міндеттемелерінен бас тартатынын хабарлады. Бірақ біз істі соңына дейін жеткізуге бел будық. Менің ұсынысыммен министрге Еңбекшіқазақ ауданының Түрген ауылында ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша әскери қызметшілерді қайта даярлауға арналған Оқу орталығын салу туралы жазбаша ұсыныс жолданды.

Саят Дүйсенбайұлы тәуекелге барып, Президентке мәселені жеткізді және қолдау алды. Нәтижесінде 1995 жылы Оқу орталығы пайдалануға берілді.

Естелік пен алғыс

Мен Саят Дүйсенбайұлы Бейсеновті терең құрметпен еске аламын. Ол - жоғары мәдениеттің, кәсібиліктің және адамгершіліктің үлгісі еді. Жаны жәннатта болсын. Иманы жолдас болсын.

Автор туралы мәлімет: Бахтияр Камалов – Қазақстандағы жұмыспен қамту қызметін ұйымдастырушылардың бірі. 1990-жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің Жұмыспен қамту бас басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыспен қамту орталығы #Бахтияр Камалов #естелік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Кеше 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Кеше 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Кеше 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Кеше 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика