Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Әлемді мейірімді әрі әділ ету – өз қолымызда" - С...

"Әлемді мейірімді әрі әділ ету – өз қолымызда" - Серік Есматов

Барлығы 24.10.2025, 16:39 580
"Әлемді мейірімді әрі әділ ету – өз қолымызда" - Серік Есматов
Кейіпкердің жеке архивінен

Тәуелсіздікпен бірге есейіп, егемен елмен бірге қалыптасқан ұрпақ бүгінде елдің жаңа дәуірін айқындап отыр. Республика күні мерекесі қарсаңында біз осы буынның жарқын өкілі, қоғам белсендісі, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы Серік Есматовпен елдік құндылықтар, жастар саясаты және жеке өмірлік ұстанымдар туралы сұхбаттастық. 

– Серік Аманжолұлы, Сіз тәуелсіздік дәуірінде туған ұрпақтың өкілісіз. "Жаңа Қазақстанның азаматы болу" дегенді қалай түсінесіз?

– Мен бұл ұғымды әрекетке шақыру және азаматтық жауапкершілік ретінде қабылдаймын. Жаңа Қазақстанның азаматы болу – "мемлекет мен үшін" емес, "мен мемлекет үшін" қағидасымен өмір сүру. Бұл абстрактілі ұғым емес, күн сайынғы еңбек пен өзін-өзі жетілдіруді білдіреді.

Біз тәуелсіз Қазақстанның ұрпақтарымыз. Сондықтан біздің міндет – ата-баба мұрасын сақтау, тәуелсіздіктің бастауында тұрған тұлғалардың ерлігін қадірлеу және күш-қайратты әділетті, заманауи, бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағыттау. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Әділетті Қазақстан құру – әр азаматтан белсенді ұстаным мен кемел патриотизмді талап етеді. Нағыз азамат болу – ел игілігі үшін қызмет ету деп білемін.

– Қазіргі жастардың басты құндылықтары мен артықшылықтары неде? Сіздің көзқарасыңызда оларды қандай болашақ күтіп тұр?

– Жастар – уақыт айнасы. Бүгінгі буынға қарасақ, олардың бейнесінен заманауи қоғамның серпінін көреміз. Олар білімді, технологияны жетік меңгерген, әлеуметтік әділеттілікке бей-жай қарамайтын ұрпақ. Қазіргі қазақстандық жастар – ашық әлемде өсіп келе жатқан, жаһандық тұрғыда ойлай білетін, сонымен қатар ұлттық болмысын сақтауға ұмтылатын буын.

Жастардың ең басты артықшылығы – білімге қолжетімділік пен еркін ойлау. Қазір бір ғана ноутбугі бар адам бизнес бастап, инновация жасап, қоғам пікірін өзгерте алады. Бірақ осы мүмкіндіктермен қатар жаңа дәуірдің сынақтары да бар. Ақпараттың үстірт қабылдануы, эмоционалды күйзеліс, әлеуметтік желілердің қысымы... Сондықтан бүгінгі міндет – тек интеллектуалдық әлеуетті арттыру емес, рухани тепе-теңдікті сақтау. Президент, "AMANAT" партиясы және оның "Жастар рухы" жастар қанаты жастардың үйлесімді тұлға болып қалыптасуына бағытталған жүйелі саясат жүргізіп келеді. Түрлі бағдарламалар, жас кәсіпкерлерге арналған гранттық қолдау, Digital Kazakhstan сияқты цифрлық бастамалар – бәрі де өзін-өзі жүзеге асырудың нақты тетігі. Меніңше, қазақстандық жастар дайын игіліктерді тұтынудан бөлек, елді өзгертетін белсенді күшке айналуы тиіс. Өйткені он, жиырма жылдан кейінгі Қазақстанның келбеті – дәл осы буынның азаматтық жауапкершілігі мен моральдық кемелдігіне тікелей байланысты.

– Мәслихат депутаты ретінде Сіз жастардың бастамалары мен идеяларын қалай қолдайсыз?

– Жастарды қолдау – менің депутаттық қызметімнің негізгі стратегиялық бағыты. Себебі бүгінгі ұрпақтың құндылықтары – елдің ертеңгі тұрақтылығының кепілі. Менің жұмысым инклюзия, рухани-адамгершілік даму, мәдениет, спорт және қоғамдық бірлік бағыттарына негізделген. Инклюзияны әлеуметтік ұғымнан бөлек, адамгершіліктің философиясы ретінде қабылдаймын. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандармен қатар, өзін қоғамнан шет сезінетін әр адамға қатысты. Өз тәжірибемнен білемін: қоғам қолдау көрсетсе, кез келген кедергіні еңсеруге болады. Сондықтан Алматыда қолжетімді орта қалыптастыру бағытында жұмыс істеп келемін. Осы орайда "AMANAT" партиясының "Кедергісіз келешек" бастамасын – адамға деген құрметтің нақты көрінісі деп санаймын.

Рухани даму мен мәдениет – ұлттың тірегі. Жаһандану дәуірінде тіл, дәстүр мен мәдениетті сақтау – басты міндет. "AMANAT" партиясы қазақ тілін, ұлттық құндылықтарды және отбасылық дәстүрді дәріптейтін жобаларды жүзеге асырып келеді, мен де бұл бағыттағы бастамаларды жергілікті деңгейде белсенді қолдаймын. Ал спорт – мінез мектебі. Өзім паралимпиадашы ретінде оның адам бойындағы сенім мен ерік-жігерді қалыптастырудағы маңызын жақсы білемін. Сол себепті Алматы мәслихатының тұрақты комиссиясы аясында бұқаралық спорт пен инклюзивті секцияларды дамытуға, аула клубтары мен әуесқой лигаларды қолдауға атсалысамыз.

Қоғамдық белсенділік те маңызды. Волонтерлік пен әлеуметтік бастамалар – Отанға қызмет етудің ерекше үлгісі. Сол себепті жастарды қоғам өміріне белсенді араласуға үндеймін, волонтерлік қозғалыстар мен студенттік ұйымдарға тұрақты түрде қолдау көрсетемін. Бүгінгі қазақстандық жастар – мейірімділік пен жауапкершілікті алдыңғы орынға қоятын буын деп сенемін.

– Цифрлық дәуірде жастар ел дамуына қалай үлес қоса алады?

– Бүгінде білім мен технология баршаға қолжетімді. Алайда технология – мақсат емес, ол құрал. Ең бастысы – сол құралды қоғамның нақты мәселелерін шешуге пайдалана білу. Жастар IT, экология, білім және медицина салаларында тың идеялар мен инновациялық стартаптар арқылы елдің дамуына серпін бере алады. Мемлекет те бұл бағытта қолдау көрсетіп отыр. "Digital Kazakhstan", "Бизнес-2025" секілді бағдарламалар – соның айқын дәлелі. Дегенмен табыстың түпкі кілті – ішкі мотивацияда. Негізгі мақсат пайда табу емес, қоғамға шынайы пайда әкелу болуы керек.

– Өз замандастарыңыз бен келер ұрпаққа жеткізгіңіз келетін өмірлік ұстанымыңыз қандай?

– Менің қағидам қарапайым. Күшті – жақсылыққа, сынақты – рухани өсуге жұмсау. Мен өмір жолымда ауыр сәттерден де өттім, жеңістерге де жеттім. Сол үшін әрбір жаңа күннің қадірін терең түсінемін. Мен үшін ең маңыздысы – қолдау мен шабыт беру. Қолдау дегеніміз ол – материалдық көмек қана емес,  адамға сенім арту, оның жаңа өмір бастауына мүмкіндік жасау. Ал шабыт – сол сенімнің жалғасы. Яғни, қолдау көрсетсең – шабыттандырасың, шабыт берсең – демеу боласың. Біз – өз уақытымыздың көзге көрінбейтін батырларымыз. Адамгершілік қандай жағдай болмасын бәрінен биік тұратынын дәлелдей біліңіздер. Дүниені мейірімді, әділ әрі адамгершілігі мол ету – өз қолымызда. Егер сіздің ықпалыңызбен бір адам болсын өмірдің мәнін қайта сезінсе, демек, сіздің миссияңыз орындалды деген сөз.

– Сұхбатыңыз үшін рақмет. Мерекеңіз құтты болсын!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Серік Есматов #Республика күні #мәслихат #депутат #сұхбат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика