Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет б...

Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады

Барлығы 24.10.2025, 14:00 430
Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады
Алматы әкімдігі

Республика күніне орай Алматыда мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан марапаттарды алматылықтарға қала әкімі Дархан Сатыбалды табыс етті.

Марапат иелері қатарында қала мен елдің дамуына зор үлес қосқан азаматтар бар. Олардың ішінде дәрігерлер мен ұстаздар, мәдениет және кәсіпкерлік саласының өкілдері, еңбек ардагерлері мен қоғам белсенділері бар.

Салтанатты жиын барысында Дархан Сатыбалды Республика күні – ел бірлігі мен тұтастығының, рухани қуаты мен ұрпақтар сабақтастығының нышаны екенін атап өтті.

"Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан экономика, ғылым мен білім, денсаулық сақтау, мәдениет және дипломатия салаларында нық әрі сенімді қадаммен алға басты. Бүгінде еліміз халықаралық аренада беделді, тең құқықты әріптеске айналды. Тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктің негізінде – халқымыздың еңбегі жатыр. Сондықтан әрбір дәрігерге, ұстазға, инженерге, кәсіпкерге және әрбір алматылыққа алғысым шексіз", – деді Алматы әкімі.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, Мемлекет басшысының бастамалары Қазақстанды жаңғырту үдерісіне тың серпін беріп отыр. "Әділетті Қазақстан", "Заң мен тәртіп", "Таза Қазақстан", "Адал азамат" бағдарламалары қоғамда әділдік, тәртіп пен сенімді нығайтуға бағытталғанын айтты.

Мемлекет басшысының Жарлығымен ақын Марфуға Айтхожаға "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағы берілді. Қазақ радиосының ардагері Аманжан Серіков "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атанды, ал терапевт Нұрзия Дәуренбековаға "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" атағы табысталды.

Сонымен қатар еңбек ардагері Есентай Тәжиевке "Барыс" орденінің ІІ дәрежесімен марапатталды. 19 алматылық "Құрмет" орденін, екі азамат "Еңбек Даңқы" орденінің ІІІ дәрежесін, ал үш тұрғын "Парасат" орденін иеленді. "Ерен еңбегі үшін" медалімен 45 адам, ал қоғамдық және қайырымдылық қызметтегі белсенділігі үшін алты азамат "Шапағат" медалімен марапатталды.

Айта кетейік, рәсімге Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қоғамдық кеңестің, жоғары оқу орындарының, мәдениет және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Республика күні #награда #марапаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Кеше 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Кеше 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Кеше 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Кеше 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика