Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Иранға ауа көшкен қазақтардың өмірі қандай болды?

Иранға ауа көшкен қазақтардың өмірі қандай болды?

Мұны білген жөн 24.10.2025, 16:13 501
Иранға ауа көшкен қазақтардың өмірі қандай болды?
Chat GPT

XX ғасырдың алғашқы жартысы мен одан кейінгі кезеңдер қазақ тарихында көші-қонның ауыр кезеңдерімен есте қалды. Сол тұста көп отбасы Иранға қарай қоныс аударды. Белгілі ирантанушы Ислам Жеменейдің дерек-жаңғыртуларын негізге ала отырып, Иранға көшкен қазақ қауымының қалыптасуы, тұрмысы және ұлттық сананы сақтап қалу жолдары туралы айтып берді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Маманның айтуынша, Иранға көшкен қазақтар көбі Маңғыстау тумалары болған. 

"Ашаршылық пен қиыншылықтар қазақтардың екі түрлі бағытқа көшіне себеп болды. Бір топтары Түркіменстан арқылы Қарақалпақстанға, екіншілері Түркіменстанның үстінен Иран жағалауына өтті. Өйткені ең жақын жер шамамен 40 шақырымдай ғана болған. Осы көш бірнеше айдың ішінде емес, 4–5 жыл көлемінде, топ-топ болып ұйымдастырылған", - деді ол. 

Ислам Жеменейдің малдан айырылу, шаруашылық шығындары, дін жағынан да әсер қазақтардың қоныс аударуына итермелеген. Иран мұсылман ел болған соң, сонда көшуге бел буған. 

Қауымның этникалық құрамы

"Иранға көшкендер негізінен кіші жүздің топтары болды: адайлар, әлімдер, наймандар; сондай-ақ бір жалайыр әулеті де кездесті. Әуелде олар өздерін негізінен "қазақпыз" деп танытты, ал ру-тайпалық белгі - рулық атаулардың маңызы кейінгі ұрпақтар мен тәуелсіздік алғаннан кейін айқындала бастады", - деді ол. 

Ислам Жеменейдің айтуынша, 1979 жылғы Ислам революциясына дейін Ирандағы кей қауымдар өздерін көбіне адай ретінде танитын. Кейін тәуелсіздік алғаннан кейін ғана руды біле бастады. Әйтпесе, олар тек қазақ деп білді өздерін. 

Қазір Иранда қанша қазақ бар?

"Қазір 3 қалада 6 қазақ ауыл қалды. Бұрын 6 болып, 1995 жылы 3 қалды. Қазір 6-ға қайта толды", - деді сарапшы.

 

Видео кадры

Дінмұхамед Қонаевтың ықпалы қандай болды?

Ислам Жеменейдің айтуынша, 1968 жылы патша Мұхаммед Реза Пехливи Қазақстанға келіп, кетерінде Дінмұхамед Қонаевпен кездеседі. 

"Қонаев "Иранда қазақтар бар деп естідім" дейді. Патша ұялып, білмейтінін айтады. Сол кезде Қонаев "егер олардың жағдайын жақсартсаңыз, сол менің Иранда қонақ болғаным" деген екен. Содан кейін патша Иранға барып, қазақтар туралы ақпарат жинай бастайды. Соның арқасында құжат реттеу, жер беру, саяси комплекстен шығу, денсаулық реттеу деген мәселелер шешілді", - дейді ол. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Иран #Қазақ #көшу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

2026 жылдың көктемгі сәні: гардеробты қалай жаңартамыз?

Бүгін 15:44

«Алматылық легион» баскетболдан Қазақстан чемпионатында өз алаңында екі матчта да жеңіске жетті

Бүгін 15:36

Республикалық «Ұлттық кітап» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Бүгін 15:12

Әнші Рахат Тұрлыханов полиция бөліміне әкелінді

Бүгін 14:59

Бүгін - Қадір түні. Қасиетті түнді қалай өткізу керек?

Бүгін 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика