AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа...

Қазақстандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі

Білім және ғылым 28.10.2021, 06:28 1,657
Қазақстандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі
24 kz

Жану проблемалары институтының ғалымдары ҚР БҒМ «Ғылым Қоры» АҚ қолдауымен биологиялық үйлесімді кальций гидроксиапатитін құру бойынша заманауи медицинада кеңінен қолданылатын инновациялық технологияны әзірледі, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бұрын-соңды Қазақстанда бұл өнім өндірілмей, шетелден әкелінген болатын. Енді ғалымдардың бұл жаңалығы көрсетілетін медициналық қызметтердің құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Өйткені аталған өнім географиясы бойынша да, қаржылық жағынан да қолжетімді болады.



«Отандық өнім қазіргі заманғы хирургиялық стоматологияда және жақ-бет хирургиясында, косметологияда жоғалған көлемді қалпына келтіру үшін толтырғыш ретінде қолданылатын болады. Инновация фармакологияда және металл имплантаттарына жабын ретінде қолданылады. Технологияның бірегейлігі — медицинада талап етілетін кальций гидроксиапатитін біз биологиялық қалдықтарды өңдеу нәтижесінде аламыз», — деп атап өтті ҚР БҒМ Ғылым комитеті Жану проблемалары институтының жетекші ғылыми қызметкері Шыңғыс Дауылбаев.



Енді ғалымдар отандық стоматологиялық нарықтың қажеттіліктері үшін өнеркәсіптік үлгілерді өндіруді жоспарлап отыр. Жобаның практикалық және коммерциялық мақсатта маңыздылығы зор.



«Биологиялық қалдық материалды пайдалану шетелдік аналогтармен салыстырғанда стоматологиялық қызметтердің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Мысалы, біздің материал негізінде арнайы пленкалар шығарылады. Бұл пленкалар дәрі-дәрмектермен байытылады. Осылайша, бұл тіс ауруы немесе қабыну орнын дәрі-дәрмекпен қамтудың оңай әдісі болады. Биосәйкестік әсері болғандықтан, адам ағзасы бұл материалды жеңіл қабылдайды», — деді ғалым Шыңғыс Дауылбаев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазасқтан #Ғылым #жаңалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мердігерлердің шағымынан бастап қатаң бақылауға дейін: Ұлттық жоба аясындағы отырыс немен аяқталды

Бүгін 17:15

Қала күні қарсаңында Дархан Сатыбалды алматылықтарға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады

Бүгін 17:02

Мемлекет басшысы Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады

Бүгін 16:11

Қала күнінің басты іс-шаралары: 19-20 қыркүйекте Алматыда қайда баруға болады

Бүгін 15:43

Қала күніне орай халықаралық D Billions балалар шоуы Алматыда алғаш рет өнер көрсетеді

Бүгін 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);