«Қазақстанда түрік тілін оқыту» халықаралық біліктілікті арттыру семинары аяқталды

«Қазақстанда түрік тілін оқыту» халықаралық біліктілікті арттыру семинары аяқталды Сурет: автор

Жуырда «Тұрақты даму мақсаттары: сапалы білім» аясында Ибн Халдун  (Түркия) және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының профессор-оқытушы құрамының бірлесе ұйымдастыруымен ЖОО-ның түрік тілі оқытушыларына арналған «Қазақстанда түрік тілін оқыту әдістемесі» атты бір айлық халықаралық біліктілікті арттыру семинары өткізілді.   

Аталмыш семинардың алғашқы 3 аптасы онлайн форматта өтіп, соңғы 1 аптасы Шығыстану факультеті Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының базасында офлайн форматта жалғасты.

Семинар түрік тілі оқытушыларының ақпараттық-коммуникативті технологияларды қолдану, жасанды интеллектің мүмкіндіктерімен таныстыру, түрік тілін оқыту үдерісінде студенттердің  сөздік қорын байыту және негізгі тілдік дағдыларын дамыту бойынша біліктіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар-тренингте Ибн Халдун, Стамбул, Гази (Анкара) және әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университеттері мен Юнус Емре институты  профессорлары мен оқытушылары мазмұнды семинарлар өткізіп,  түрік тілін тиімді оқытуға ықпал ететін заманауи технологиялар мен шет тілін оқытуды цифрландыру бойынша озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Аталмыш семинарға әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысып, біліктіліктерін арттырды. Оқытушылар семинар соңында тест тапсырып, ашық сабақтар өткізді.

Семинар жоғары деңгейде және мазмұнды өтті. Семинарға қатысушылар семинар-тренинг өткізген профессорлар мен оқытушыларға, семинарды  ұйымдастырушы Ибн Халдун  атындағы университет  (Түркия) пен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының профессор-оқытушы құрамына алғыстарын білдірді. 

Шығыстану факультетінің деканы Наталья Борисовна Ем біліктілікті арттыру семинарын жоғары деңгейде ұйымдастырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының профессор м.а., PhD Құрманәлі Алтыншаш Арыстанбекқызы мен Ибн Халдун университетінің оқытушылары Гүл Гөнүлташ Севинчгил, Фуркан Алпат, Харун Аксу, Румейса Шишман, Мелике Нур Чеп, Мердие Мансур, Сумейра Бозкурт Кахриман және Шура Файзиевті  алғыс хаттармен марапаттады.

  Семинардың жабылу салтанатты жиынында «Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы» кафедрасының меңгерушісі М. Ш. Эгамбердиев біліктілікті арттыру семинарының Қазақстанда түрік тілін оқытудың сапасын арттыруға қосатын өзіндік үлесіне назар аударып, осындай іс-шаралардың түрік тілін оқытудың тиімді әдістерін меңгертумен қатар, екі бауырлас ел арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастықты нығайтудағы маңыздылығына тоқталды.

  Ибн Халдун атындағы университеттің (Түркия) «Түрік және шетел тілдерін оқыту және зерттеу» орталығының директоры Фуркан Алпат осы бір айлық семинар барысында ЖОО-ның түрік тілі оқытушыларының түрік тілін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдану, түрік тілін шетел тілі ретінде оқыту үдерісінде оқу материалдарын әзірлеу және заманауи ақпараттық-коммуникативті технологиялар мен  жасанды интеллекті қолдану бойынша біліктіліктерін арттырғанын тілге тиек етті. Фуркан Алпат мырза мұнымен қатар, семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын баса айтып, қазақстандық түрік тілі оқытушыларының кәсібилігін және студенттердің түрік тілін жоғары деңгейде меңгергенін атап өтті.

Семинардың жабылу салтанатында біліктілікті арттыру семинарын табысты аяқтаған ЖОО-ның түрік тілі оқытушыларына 80 сағаттық халықаралық сертификат табысталды.

Аталмыш семинар Қазақстанда түрік тілін оқыту үдерісінде жаңа мүмкіндіктер ашып, тіл мамандарының кәсіби деңгейін арттырумен қатар, бауырлас екі ел арасындағы достықтың жарқын көрінісі болды. Семинар білім беру саласында тәжірибе алмасумен қатар, Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени және ғылыми байланыстарды нығайтуда маңызды қадамдарға жол ашты. Семинар барысындағы түрік тілін оқыту бойынша тәжірибе алмасу және түрік тілін шетел тілі ретінде оқытудың өзекті мәселелерін талқылау іспетті іс-шаралар бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, болашақ ортақ ғылыми-зерттеу және әдістемелік жобаларына ұйытқы болды деген сенімдеміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:54

11:41

11:37

11:36

11:12

10:46

10:13

09:45

09:21

09:21

09:10

09:05

08:49

08:39

08:28

08:19

20:12

19:45

19:05

18:45

18:25

17:50

17:29

17:11

16:51