AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат...

"Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды

Спорт 15.09.2025, 09:29 1,275 Дина
"Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды
сурет: "Қайрат" ФК

14 қыркүйекте Алматыда өткен "Қайрат" пен "Ақтөбе" арасындағы ойынның 10-минутында алматылық клубтың негізгі қақпашысы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алып, алаңнан зембілмен шығарылды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

"Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің айтуынша, Анарбековтің жақ сүйегі сынған:

"Менің ойымша, Темірланның жақ сүйегі сынған. Ол белгісіз уақытқа дейін ойынға қатыса алмайды. Ол алдағы Чемпиондар лигасы мен 2025 жылғы КПЛ ойындарына қатыса алмайды", - деді Уразбахтин.

Соған қарамастан, "Қайрат" "Ақтөбені" 1:0 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпайға ие болды. Бұл ойында қақпаны алғаш рет қорғаған 18 жастағы Шерхан Қалмұрза сенімді ойын көрсетіп, өз қақпасын соққылардан сақтап отырды.

Қазақстан құрамасы мен "Қайраттың" қақпасын қорғап жүрген 21 жастағы Анарбеков кейінгі уақытта нағыз жұлдызға айналған еді. Ол 27 тамызда өткен УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде "Селтикке" қарсы матчта үш бірдей пенальтиді қайтарып, командасын тарихта алғаш рет топтық кезеңге шығарды. Сол ойыннан кейін жанкүйерлер оны "қаһарман" деп атап кеткен.

Айта кетейік, "Қайрат" енді Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде алғаш рет өнер көрсетпек. Алматы клубы 30 қыркүйекте өз алаңында әйгілі "Реал Мадридті" қабылдайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #футбол #Темірлан Анарбеков
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тағдырын арқанға байлаған құрылыстағы альпинистер...

Бүгін 20:36

Миллиондаған көрермен Алматыны Travel XP эфирінен көреді

Бүгін 17:28

2026 жылғы 11-20 маусым аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Бүгін 16:46

Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 16:03

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 92-ші театр маусымының жабылуына шақырады

Бүгін 15:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);