Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік істі...

Блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік істі қылмыстық іске қайта саралау ұсынылды

Оқиға 15.09.2025, 16:28 883
Блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік істі қылмыстық іске қайта саралау ұсынылды
сурет: видео кадры

Блогер Ерболат Жанабіловтің жары Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік істі қылмыстық іске қайта саралау ұсынылды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz. 

Бұл туралы ұсынысты Спорт министрлігіне қарасты құмар ойындар мен лотереяны реттеу комитетінің өкілі Абдәл Балтатегі сот отырысында білдірді. Оның айтуынша, іс қаралу барысында әкімшілік өндіріс аясында жауап беру мүмкін емес бірқатар сұрақтар туындаған.

"Мысалы, "Zhana Business" ЖШС курстарының нақты құндылығы қандай? Бұл курстардың қандай да бір қауымдастығы бар ма? Нақты бағасы қанша? Жеңімпазды анықтау неге тікелей эфирде лототрон арқылы емес, автоматтандырылған бағдарлама арқылы жүргізілген? Бағдарламада қандай алгоритм қолданылған? Осы сұрақтардың барлығы Төлегенованың әрекеттерінде алаяқтық немесе заңсыз кәсіпкерлік сияқты қылмыстық құрам белгілері бар екенін көрсетеді", - деді Балтатегі.

Ол соттан Төлегеноваға қатысты ӘҚБтК-нің 445-1-бабы бойынша қозғалған әкімшілік істі тоқтатып, материалдарды сотқа дейінгі тергеу органдарына жолдауды сұрады. Бұған дейін Балтатегі Төлегенованың курстарды сату үшін ұйымдастырылған ұтыс ойындарын тек "лотереяны жасыру амалы" деп атаған болатын.

Ал Эльмира Төлегенова тағылған айыппен келіспейтінін айтып, ұтыс ойындары мен "Бақыт барабаны" оның жеке парақшаларында емес, өзі құрылтайшы болған "Zhana Business" ЖШС сайты арқылы өткізілгенін түсіндірді. Оның қорғаушысы Олег Чернов істі тоқтатып, комитеттің хаттамасын дәлел ретінде жарамсыз деп тануды сұрады.

Сот отырысына төрағалық еткен судья Ақерке Бектұрғанова кеңесу бөлмесіне кетіп, шешімін бүгін 15 қыркүйекте сағат 16:00-де жариялайтынын хабарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жанабілов #блогер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика