AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / "Бұл екеуіне бұғау жоқ". Ағайынды Сабырхандар тура...

"Бұл екеуіне бұғау жоқ". Ағайынды Сабырхандар туралы не белгілі?

Спорт 15.09.2025, 16:06 1,477
"Бұл екеуіне бұғау жоқ". Ағайынды Сабырхандар туралы не белгілі?
instagram.com/world.boxing.events

Ағаны-інілі Махмұд пен Төрехан Сабырхан Англияда өткен бокстан Әлем Чемпионатында алтын иеленді. Ағайынды боксшылар туралы не белгілі? Толығырақ Aqshamnews.kz тілшісі баяндайды. 

Қазақстандық бокс жанкүйерлері үшін ағайынды Сабырхандардың жеңісі – қос қуаныш. Күні кеше Англияның Ливерпуль қаласында өткен чемпионатта ағайындылардың бірі 55 келі, екіншісі 70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, ел қоржынын алтынмен толтырды. 

instagram.com/sabyrkhan_makhmud/

Чемпиондардың туған жері

Махмұд Сабырхан 2001 жылы 9 қыркүйекте, ал інісі Төрехан Сабырхан 2006 жылы Түркістан облысы, Маятас ауылында туған.

Екеуінің де бапкері – Ілияс Оралбеков. Дәл осы ұстаз ауыл мектебінің тарих кабинетін жаттығу залына ыңғайлап, ағалы-ініліден чемпион тәрбиелеп шығарды.

"Ағам екеуміз ауылдың төбесіне дейін жүгіріп, сонда жаттығамыз, бірінші болуға ұмтыламыз, бірақ ағам озып кете беретін. Әкем де ағама жай, маған қатты ұр дейтін", - дейді Төрехан Сабырхан сұхбаттарының бірінде. 

Жігіттердің әкесі Айдар мырза оладың балалық шағы туралы айтты. 

"Төрехан кішкентай кезінде биші еді, ән де айтатын. Ағасының артынан еріп, бокспен айналысты. Бұл үйде чемпион деген атау жоқ, екеуі де үй жинайды, мал қарайды. Бала кезде Махмұд чемпион боламын десе, Төрехан әкім боламын дейтін", - деп еске алды ол. 

ҰОК

Махмұд Сабырхан

Боксшы Махмұд Айдарханұлы 55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Спортшы - Ұлттық құраманың мүшесі. 

24 жастағы Махмұд Сабырхан екінші рет Әлем чемпионы атағына ие болып отыр. Ол 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында күміс, 2023 жылы Ташкентте алтын медаль алған болатын. 

Жылдамдығы мен айқын техникасы арқасында Махмұд қазір қазақстандық бокстың жаңа толқынындағы көшбасшылардың бірі саналады.

ҰОК

Төрехан Сабырхан

Төрехан Айдарханұлы - жастар арасында төрт дүркін Азия чемпионы атанған алғашқы қазақстандық. Budva қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қарсыласын жеңіп, алтынға қол жеткізді. "Татош" лақап атымен танылған ол бокспен сегіз жасында шұғылдана бастады. Өз айтуынша, бала кезінде толықтау болып, спортпен мүлде байланысы болмаған. Бірақ алғашқы жаттығудан кейін оның бапкері Ілияс Оралбеков балада талант барын байқаған. 

"Көбі чемпион болған соң "Америка сынды мықты жерде тұратын шығарсың" дейтін. Жоқ, қанша жерден чемпион болсам да, қара шаңырақта тұрамын. Ауылдан кетпеймін, шетелде жүрсем үйді сағынамын. Осында жүрсем шаршамаймын", - дейді ол. 

Ағасы екеуінің арманын айтты. 

"Мектептің артында бос орын бар, сол жерде спорт мектебін салғымыз келеді. Бұрын жаттығып жүргенде залға сыймай қалатынбыз, сол кезде чемпион болып, ашсақ екен деп армандайтынбыз", - деді спортшы.

Айта кетейік, бұған дейін халықаралық World Boxing ұйымы Махмұд пен Төрехан Сабырхандардың жетістіктерін ерекше атап өткен еді. 

"Ағайындылар Ливерпульде өткен Әлем чемпионатында қарсыластарының бәрін ойсыраты жеңіп, алтын медаль иеленді.

Махмұд 55 келі салмақта жеңімпаз атанса, Төрехан 70 келіде өнер көрсетті. Екі бауыр, екі алтын, алынбас күш", - делінген жазбада. 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бокс #ағайынды #спорт #Махмұд Сабырхан #Төрехан Сабырхан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Кеше 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Кеше 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Кеше 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Кеше 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Кеше 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика