Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Еліміздің тағы бір облысында табиғи сипаттағы төте...

Еліміздің тағы бір облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Оқиға 15.09.2025, 15:26 671
Еліміздің тағы бір облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды
Сурет: depositphotos.com

Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Белгілі болғандай, Құрманғазы ауданының әкімі бұл туралы шешімді биыл 31 шілдеде-ақ қабылдаған, алайда бұл жайлы ақпарат енді ғана белгілі болып отыр. Төтенше жағдай жариялауға аудан аумағындағы Қиғаш және Шарон өзендері мен олардың арналары, сондай-ақ Каспий теңізінің жағалауының таяздануы салдарынан гидрологиялық ахуалдың нашарлауы себеп болған.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, су айдындарының тартылуы бағалы балық түрлерінің уылдырық шашуы мен көшуіне кедергі келтіріп, табиғи тепе-теңдікке кері әсер етіп жатыр. Бұл жағдай шекаралық және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ балық шаруашылығымен айналысатын кемелердің қозғалысын қиындатады. Кейінгі жылдары кәсіби балық аулау жағдайы да күрт нашарлаған. Қазірдің өзінде балық шаруашылығы субъектілерінен көптеген шағымдар түскен.

Сонымен қатар тағы бірқатар мәселе бар:

  • арналар арқылы су шыға алмай, жайылым мен егістікке жетпей жатыр;

  • арналардағы судың жоқтығы ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына теріс әсер етіп жатыр. 

Құрманғазы ауданы әкімдігі жанынан төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша жедел штаб құрылды. Оның басшылығына аудан әкімінің орынбасары тағайындалды. Қазіргі уақытта арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, төтенше жағдайды жою үшін қажетті техникалық және қаржылық ресурстарды есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Жоспар бойынша Қиғаш пен Шарон өзендерінің, сондай-ақ Каспий теңізінің жағалауындағы Жаркөсін және Ганюшкин арналарының түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп, кемелердің жүріп-тұруы мен бағалы балықтардың уылдырық шашуына жағдай жасау көзделіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#табиғат #төтенше жағдай #апат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика