конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / "Бұл - нағыз бассыздық". Билік экс-президентті үйі...

"Бұл - нағыз бассыздық". Билік экс-президентті үйінен қуып шықты

Саясат 15.09.2025, 15:47 673
"Бұл - нағыз бассыздық". Билік экс-президентті үйінен қуып шықты
Сурет: ашық дереккөз

Қырғызстанда бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың отбасын Бішкек маңындағы Қой-Таш ауылындағы үйінен сот орындаушылары күштеп шығарды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Экс-президенттің ұлы Қадырбек Атамбаев бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, биліктің әрекетін "заңсыздық" деп бағалады.

"Анамды және отбасымның өзге мүшелерін Қой-Таштағы үйден заңсыз шығарып жатыр. Бұл - ата-бабамыздың жері. Бар болғаны 100 метр жерде барлық туыстарымыз жерленген. Бұл - нағыз бассыздық", - деді ол.

Оның айтуынша, іс қалалық сотта қаралып жатқанымен, сот орындаушылары "жоғарыдан келген нұсқау" бойынша еш ескертусіз келіп, отбасы мүшелерін көшеге шығарып, заттарын контейнерге тиеп әкеткен.

Атамбаевтың қызы Әлия Шағиева да ресми құжат немесе сот шешімі көрсетілмегенін айтып, отбасының жауын астында қалғанын жеткізді. Қазір олар туыстарының үйінде уақытша тұрып жатыр.

Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі үйдің сот шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылғанын мәлімдеді. Бұл жерге қарттар үйі мен 500 балаға арналған балабақша салу жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары таяуда басталып, келесі жылы аяқталуы тиіс.

Еске салайық, 2019 жылы Қой-Ташта Атамбаевты ұстау операциясы кезінде қақтығыс болып, бір арнайы жасақ қызметкері қаза тауып, жүзден астам адам жараланған еді. 2022 жылы басталған сот процесіне кейін жемқорлық істері қосылды.

2023 жылы Атамбаев Испанияға емделуге кетіп, содан бері отанына оралған жоқ. Биыл маусымда сот оны 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, мүлкін тәркілеу және мемлекеттік марапаттарынан айыру туралы үкім шығарды. Президент Садыр Жапаров үкімді қатаң деп атап, егер Атамбаевтың жақындары өтініш білдірсе, оны кешіруге дайын екенін жеткізген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#экс-президент #қырғызстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ғарыштық ауқым: Канье Уэсттің Алматыдағы шоуы қалай өтіп жатыр

Бүгін 23:11

«Тәртіпке, тазалыққа шақырамыз»: концертте еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Бүгін 22:50

Мыңдаған шақырымды еңсерді: Канье Уэсттің жанкүйері Алматыға арнайы келді

Бүгін 22:05

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті дәл белгіленген уақытта басталды

Бүгін 22:01

«Бұл – баламның арманы еді»: анасы Канье Уэсттің концертіне екі баласын ертіп келді

Бүгін 21:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);