AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / "Сыныптасымен жанжалдасқан": Жамбыл облысында 9-сы...

"Сыныптасымен жанжалдасқан": Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы көз жұмды

Оқиға 15.09.2025, 16:55 883 Дина
"Сыныптасымен жанжалдасқан": Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы көз жұмды
сурет: ЖИ

Жамбыл облысында сыныптасымен жанжалдасып қалған тоғызыншы сынып оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. Бұл - өңірде бір апта ішінде тіркелген екінші оқушы өлімі.

Оқиға қалай болған?

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сүйенсек, жанжал мектептің әжетханасында болған. Айтуларынша, оқушының сыныптасы оны кеуде тұсынан ұрып, соққы ауыр жарақатқа әкеліп соққан.

Полицияның ресми мәлімдемесі

Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Қазір аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі ("Басқа адамның дәрменсіз күйін біле тұра немесе оған материалдық не өзге де тәуелділікте болған кезде ауыр зиян келтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті жасөспірім анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істі жан-жақты, толық және объективті тергеуге бағытталған барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр",-деп хабарлады полиция.

Бір аптадағы екінші өлім

Еске салайық, 12 қыркүйекте Жамбыл облысы Шу ауданына қарасты Көкқайнар ауылында футбол матчы кезінде 10-сынып пен 11-сынып оқушылары арасында жанжал шыққан. Жасөспірімдер арасындағы кикілжің кезінде кіші сыныптың бір оқушысы ауыр соққы алып, оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға күні полиция 16 және 17 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстаған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өлім #мектеп #жамбыл облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Кеше 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Кеше 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Кеше 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Кеше 18:52

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

Кеше 18:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);