AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Семейде қала ортасындағы көше опырылып, жүк көлігі...

Семейде қала ортасындағы көше опырылып, жүк көлігі түсіп кетті

Барлығы 15.09.2025, 09:36 770 Дина
Семейде қала ортасындағы көше опырылып, жүк көлігі түсіп кетті
сурет: видео кадры

Семейде жүк көлігі асфальт опырылған жерге жартылай түсіп кеткен. Оқиға сәті әлеуметтік желілерде тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 14 қыркүйекте Ибраев пен Уранхаев көшелерінің қиылысында болған.

"Жол-құрылыс жұмыстары кезінде жылу торабы маңындағы жол жабыны опырылды. Сол сәтте 37 жастағы жүргізуші басқарған жүк көлігі осы аумақтан өтіп бара жатып, көлігі шңқырға жартылай түсіп кетті. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Тек материалдық шығын болды", - деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетіп, аумақ қоршалып, қауіпсіздік шаралары қабылданған. Қазір болған жайттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Аталған көше жөндеу жұмыстарына байланысты тұрғындар тарапынан бұған дейін де сынға іліккен. Қыркүйек айының басында қала тұрғындары жолдағы олқылықтарға назар аударуды сұраған болатын.

"Семей қаласы полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімі өз құзыреті аясында бұл аумақты тексеріп, Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тиісті нұсқама берді. Қазіргі уақытта Ибраев көшесінде жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс аяқталғаннан кейін барлық қажетті жол инфрақұрылымы қалпына келтіріледі", - деп нақтылады полиция департаменті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#семей #жол #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);