Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тамыз айында жұмыс берушілер Enbek.kz сайтында 240...

Тамыз айында жұмыс берушілер Enbek.kz сайтында 240 мыңға жуық бос жұмыс орнын жариялады

Әлеумет 15.09.2025, 09:13 744
Тамыз айында жұмыс берушілер Enbek.kz сайтында 240 мыңға жуық бос жұмыс орнын жариялады
Сурет: Gov.kz

2025 жылғы тамыз айында «Enbek.kz» электрондық еңбек биржасына (бұдан әрі – ЭЕБ) 239,8 мың бос жұмыс орны жарияланып, жұмыс іздеушілер тарапынан 138,5 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда ЭЕБ-дегі бос орындар саны 128,9%-ға (+135 мың) артқан, ал түйіндемелер саны 6,3%-ға (-9,3 мың) азайды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бос жұмыс орындарының басым бөлігі келесі салаларға тиесілі: білім беру (120,7 мың), ақпарат және байланыс (17,4 мың), басқа да қызмет көрсету түрлері (17,1 мың), өңдеу өнеркәсібі (15 мың). Бұл төрт сала тамыз айындағы жалпы сұраныстың 70%-дан астамын құрады. Айта кетсек, білім беру саласындағы әр бесінші бос жұмыс орны (18,5%) Астана және Алматы қалаларында орналастырылған.

Сұраныс құрылымында жоғары білікті кадрларға басымдық берілді – бұл санатқа 124,1 мың бос жұмыс орны немесе 52% сәйкес келеді. Жоғары білікті кадрларға арналған бос орындардың үштен екісі (81,6 мың) білім беру және тәрбие саласындағы мамандарға тиесілі. Орта білікті мамандарға сұраныс – 31% (75,2 мың), ал біліктілігі жоқ жұмысшыларға – 17% (40,4 мың).

Бос жұмыс орындарының ең үлкен өсімі келесі өңірлерде тіркелді: Алматы облысы – +387,5% (20,3 мыңға дейін), Жамбыл облысы – +377,4% (15,9 мыңға дейін), Батыс Қазақстан облысы – +242,4% (12,3 мыңға дейін), Ақтөбе облысы – +198,4% (14,1 мыңға дейін) және Жетісу облысы – +182,7% (5,8 мыңға дейін).

Жалпы түйіндеме санының аздап төмендеуіне қарамастан, көптеген өңірлерде ізденушілер белсенділігі артты. Ең үлкен өсім Алматы облысында (+31,4%, 9,7 мыңға дейін), Алматы қаласында (+30,4%, 11 мыңға дейін) және Түркістан облысында (+17%, 18 мыңға дейін) байқалды. Сонымен қатар, кейбір өңірлерде белсенділіктің төмендеуі тіркелді: Шымкент қаласы (-50,2%, 9,7 мыңға дейін), Солтүстік Қазақстан облысы (-18,4%, 2,3 мыңға дейін) және Қарағанды облысы (-16,4%, 5,6 мыңға дейін).

Кәсіптер бойынша ең көп сұранысқа ие мамандықтар – PR-менеджерлер (16,3 мың бос орын), математика пәнінің мұғалімдері (7,6 мың) және тәрбиешілер (6,1 мың) болды. Орта білікті мамандар арасында – тәрбиеші көмекшілері (4,4 мың), күзетшілер (2,7 мың) және автокөлік жүргізушілері (2,6 мың) сұранысқа ие.

Ең жоғары жалақы күткен кандидаттар – техникалық директорлар (орташа 1,2 млн теңге), ұшқыштар (~1,2 млн тг) және коммерциялық директорлар (~1,1 млн тг). Бұл ретте тамыз айында жұмыс берушілер ұсынған ең жоғары жалақылар – кен өндіру саласындағы цех басшысы (шамамен 843,8 мың теңге), энергиямен жабдықтау қызметі басшысының орынбасары (~733 мың теңге) және IT саласындағы бағдарламалар бас редакторы (~718 мың теңге) лауазымдарына тиесілі.

Осылайша, 2025 жылғы тамызда ЭЕБ алаңында түйіндемелер санының қалыпты төмендеуімен жоғары білікті жұмыс күшіне деген сұраныстың өскені байқалды. Бұл өсім жаңа оқу жылының қарсаңында білім беру саласында орын алған маусымдық факторлармен, атап айтқанда, мұғалімдер (соның ішінде бастауыш сынып мұғалімдері), тәрбиешілер және олардың көмекшілері бойынша бос орындардың жаппай жариялануымен байланысты болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тамыз #Enbek.kz #бос жұмыс орны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика