конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда онкогематологияны емдеудің жаңа серпін...

Қазақстанда онкогематологияны емдеудің жаңа серпінді әдісі пайда болмақ

Медицина 01.11.2022, 11:13 1,700
Қазақстанда онкогематологияны емдеудің жаңа серпінді әдісі пайда болмақ
Сурет: Klinikarassvet.ru


Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары елімізде CAR-T терапиялық технологиясын ендіруге ниетті.


Генетикалық инженерия зертханасының қызметкерлері ол үшін қараша айында Англияға барып, шетелдік мамандардың озық тәжірибесін меңгеретін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com-ға сілтеме жасап.


Бүгінгі таңда қанның қатерлі ісігі ең көп таралған онкологиялық аурулардың ондығына кіреді. Мұндай гематологиялық ауруларын емдеудің негізгі әдісі химиотерапия. Кейбір жағдайларда науқастарға жасуша трансплантациясы жасалады. Алайда, емнің бұл түрі бәріне бірдей шипа болмайтыны анық. Дерт асқынған сайын дәстүрлі емдеу әдістеріне бой бермейді. Дәрігерлер ондайда науқасты емдеудің тиімді амалы ретінде CAR-T иммунотерапиясын қолданады.



«Бұл гендік-инженерлік технология мен жасушалық инженерияның гибриді, яғни қосындысы. Біз пациенттен иммундық жасушаларды аламыз. Кейін оларды арнайы өңдеуден өткізіп, ісік жасушаларымен күресіп, оларды жою үшін белсенділігін арттырамыз», - деді генетикалық инженерия зертханасының меңгерушісі Александр Шустов. 



Бұған дейін елдегі Ұлттық биотехнология орталығының зертханасында ұзақ мерзімді клиникалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Жаңа терапия алдымен «Инвитора» жасушаларында, кейін жануарларда, ең соңында ғана барып науқастарда сыналады.


Қазақстанда бүгінде қан түзуші және лимфа тіндерінің дертіне шалдыққан жеті мыңға жуық науқас есепте тұр. Яғни, қатерлі қан ісігі бар адамдар. Жыл сайын мыңнан астам жаңа жағдай анықталады. Науқастардың дені ауруынан айығып шығады. Дейтұрғанмен олардың бестен бір бөлігі CAR-t технологиясы бойынша емдеуді қажет етеді.


Сарапшылардың пайымынша, болашақта бұл жоғары технологиялық терапия қатерлі ісік гематологиялық ауруларымен қатар созылмалы, аутоиммунды және жұқпалы дерттерді емдеу үшін де қолданылады. Яғни, оның емдік аясы әлдеқайда кең.











Телеграм арнаға жазылыңыз
#Онкогематология #науқастарды емдеу #жаңа әдіс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);