AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Тоқаев тапсырмасынан кейін: Бас прокурор қаза болғ...

Тоқаев тапсырмасынан кейін: Бас прокурор қаза болған сарбаздардың аналарымен кездеседі

Саясат 11.11.2025, 14:58 605
Тоқаев тапсырмасынан кейін: Бас прокурор қаза болған сарбаздардың аналарымен кездеседі
Сурет: 24.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарын қабылдайды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

 

"Олардың әрбір уәжі назардан тыс қалмайды. Сондай-ақ әскери қызметшілердің қаза табуы мен жарақат алуын болдырмау жөніндегі жұмыстарға, әскери қызметке шақырудың заңдылығына және медициналық қызметтің қорытындыларының негізділігіне баға беріледі. Осы жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері тартылды", – деп жазды Бас прокурор Берік Асылов Х әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін Астанада әскерде қаза тапқан ұлдары үшін митингке шыққан аналарды полиция ұстап әкеткені хабарланды.

Астана қалалық полиция департаменті ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

"10 қараша күні Астанада азаматтарды қабылдау орталығының маңында рұқсат етілмеген акция ұйымдастырылған. Қатысушыларға заң талаптары бірнеше рет түсіндірілді және прокуратура өкілдері мен полиция қызметкерлерімен бірлесіп, бейбіт жиындарды өткізу тәртібін бұзуға болмайтыны туралы ресми ескерту жасалды. Дегенмен, қатысушылар бұл ескертулерге жауап бермеді. Сондықтан заңмен қарастырылған шаралар қабылданды”, - делінген полиция хабарламасында.

Полицияның мәліметінше, әскерде қаза тапқан және зардап шеккен сарбаздардцң отбасыларына қатысы жоқ, провокациялық мақсатпен келген бірнеше азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Акцияға қатысқан әскерде қаза тапқан және зардап шеккен сарбаздардың аналарына алдын алу әңгімесі жүргізіліп, оларға заң нормалары түсіндірілді, содан кейін олар үйлеріне жіберілді”, - делінген ресми хабарламада.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #ана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);