Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы көшелері / Жетісу ауданы 2026 жылғы жаңа жобаларға қамданып ж...

Жетісу ауданы 2026 жылғы жаңа жобаларға қамданып жатыр

Алматы көшелері 11.11.2025, 13:03 399
Жетісу ауданы 2026 жылғы жаңа жобаларға қамданып жатыр
Алматы әкімдігі

Жетісу ауданында қоғамдық кеңістікті абаттандыру мен қолайлы қалалық орта құру жұмыстары аяқталып қалды. Аудан әкімі Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, бұл жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, қаланың көкке оранған заманға сай келбетін қалыптастыруға бағытталған.

Сейфуллин мен Жансүгіров қиылысындағы көлік айрығы маңындағы қоғамдық кеңістікті абаттандыру негізгі жобаның бірі болды. Жалпы аумағы 3,4 гектар болатын бұл жерде 30,4 мың м² аумақты көгалдандырып, 5,8 мың м² жерге тас (брусчатка) төселді. Сонымен қатар, 7 ұңғыма бұрғыланып, 3,5 гектар аумаққа автоматты суару жүйесі орнатылған. Мұнда 192 ағаш, 14 мың бұта мен 2 400 гүл егіліп, екі альпілік төбешік жасалды.

«Гүлдер» паркінің жөндеу жұмысы да аяқталды. Мұнда 6 мың м² аумаққа біржылдық және көпжылдық гүлдер егіліп, 750 м² жер көгалдандырылды. 4 ұңғыма бұрғыланып, 4,5 мың м² аумаққа автоматты суару жүйесі орнатылды. Парк аумағында үш сәндік тоған мен гүлмен көмкерген аркалар пайда болды.

Бұдан бөлек, Құдабайұлы мен Аралтөбе көшелерінің бойындағы учаскелер мен Жұмабаев көшесіндегі көпір абаттандырылды.

12 жерде автоматты суару жүйесі орнатылып, 15 ұңғыма бұрғыланды, 76 мың м² аумаққа көгал егілді. Бұл жұмыстар қаланың маңызды бағыты – Рысқұлов–Сейфуллин, Рысқұлов–Сүйінбай, Серіков, Солтүстік айналма жол–Бөкейханов қиылысында атқарылды. Мақсаты - жасыл қорды сақтап, ауданды экологиялық тұрғыда барынша жайлы ете түсу.  

Қажеттілігі бар адамдар үшін қолжетімді орта құруға да ерекше көңіл бөлінген. 18 жерүсті жаяу жүргінші өткеліндегі тік және көлденең көтергіштер жөнделіп, ауыстырылды.

Сонымен қатар, абаттандыру аясында Қарасу өзені үстіндегі көпірге күрделі жөндеу жүргізіліп, Первомайка ауылының (солтүстік-батыс бөлігі) зират аумағына 163 м² қоршау орнатылып, қақпа мен есік жасалды.

Келер жылы Жетісу ауданында абаттандыру жобалары жалғасын табады: автоматты суару жүйелерін кеңейту, жаңа демалыс аймақтарын құру мен тұрғылықты жайлардағы тротуарларды қайта жаңарту жоспарланған.

«Абаттандыру – бұл жай жөндеу емес. Бұл – тұрғындарға жайлы өмір сүруге, демалуға және балаларымен серуендеуге мүмкіндік беретін қалалық орта құру. Біз табиғатқа қамқорлықты үйлестірген заманға сай аудан қалыптастырып жатырмыз», - деп түйіндеді өз сөзін Ләззат Жылқыбаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жетісу ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30

Ресейдегі жаппай төбелеске қатысты СІМ жаңа мәлімет таратты

Бүгін 11:19

Танымал әнші Абай Бегей сегізінші рет әке атанды

Бүгін 10:37

Алаяқтарға алданып қалғанын білген алматылық қария жүрегі шыдамай, көз жұмған

Бүгін 09:56

Сенбіде ел өңірлерінде ауа райы қандай?

Бүгін 09:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика