AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы көшелері / Аудандағы ондаған көшеге жаңа жол жабындысы төселд...

Аудандағы ондаған көшеге жаңа жол жабындысы төселді

Алматы көшелері 11.11.2025, 12:52 510 Дина
Аудандағы ондаған көшеге жаңа жол жабындысы төселді
Алматы әкімдігі

Жетісу ауданында жол-көлік инфрақұрылымын дамытуды көздейтін үлкен жұмыс істеліп жатыр. Әсіресе тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп отыр ауданда.

Аудан әкімі Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында хабарлағандай, 2025 жылы жалпы ұзындығы 26 шақырымды құрайтын 33 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар, «Техникалық тротуарларды абаттандыру» жобасы аясында 11 көшедегі жұмыс бітті. Олардың қатарында Көкмайса шағын ауданы, Боралдай, Жангелдин, Есенов, Жетісу, Құдабайұлы, Шекспир көшесі, сондай-ақ Сейфуллин даңғылы мен Солтүстік айналма жолы бар. Жұмыстың жалпы ауқымы 11 мың шаршы метрден асып түсті.

Аудандағы шұңқырлар да жөнделді: жол жамылғысының 33 мың шаршы метрден астам ақауы жойылып, 60 жаңа люк орнатылды, сондай-ақ 257-ден астам люк пен жаңбыр суын қабылдайтын құдық салынды.

«Көлік инфрақұрылымын дамыту – жұмысымыздың ең маңызды бағытының бірі. Біз Жетісу ауданының жолдарын ыңғайлы, қауіпсіз әрі ұзаққа шыдайтын етуді мақсат етіп отырмыз», - дейді Ләззат Жылқыбаева.

2026 жылы жол жөндеу барысында 30 мың шаршы метр асфальт жабындысы жөнделмек. Сондай-ақ ұзындығы 5 220 метр (шамамен 10 440 шаршы метр) тротуарларды қайта құрып, абаттандыру жағы қолға алынбақ.

Тұрғындардың өтініші бойынша жолдарды кеңейту мен абаттандыру үшін қажетті жер учаскелері сатып алынып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналуы мүмкін

Бүгін 17:13

Қандай бақбақты жұлуға тыйым салынған?

Бүгін 16:39

Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 15:22

Алматыда иесіз электр желілерін коммуналдық меншікке беру жұмысы күшейтіледі

Бүгін 15:20

Асанәлі Әшімов театрында «Тағдыр тақтасы» спектаклі сахналанып, «Үздік логотип» байқауының жеңімпазы марапатталды

Бүгін 15:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);