"Алматы – Ташкент" бағытындағы пойыздар күн сайын жүретін болды

  • 14:26, 11 қараша 2025
"Алматы – Ташкент" бағытындағы пойыздар күн сайын жүретін болды «Жолаушылар тасымалы» АҚ

"Алматы – Ташкент" бағытындағы пойыздар күн сайын жүретін болады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2025 жылғы 14 желтоқсаннан бастап «Алматы – Ташкент» бағыты бойынша Talgo пойызының күнделікті қатынайтынын жариялады. Бұл өзгеріс Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты және қолайлы қатынасты қамтамасыз етуді көздейді.

Компания мәліметінше, күн сайынғы рейстер тәулігіне 400-ден астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. Бағытқа ұзақ сапарға арналған барлық қажетті жайлылықпен жабдықталған заманауи Talgo құрамдары шығарылады.

Күнделікті қатынастың басталуы екі ел арасындағы туристік ағынды арттыруға, сондай-ақ мәдени және іскерлік байланыстарды күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл бағыт жолаушылар арасында бұрыннан жоғары сұранысқа ие.

Билеттерді қайдан алуға болады:
– bilet.railways.kz ресми сайтынан;
– теміржол вокзалдарының билет кассаларынан.

Толық ақпаратты 1433 нөміріне қоңырау шалып немесе tablo-railways.kz онлайн-таблосынан алуға болады.

 
 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:16

16:36

15:22

14:19

12:10

11:03

10:05

17:18

16:19

15:05

14:45

14:20

13:05

12:05

11:47

11:10

10:36

10:05

17:55

17:36

17:20

17:17

17:04

16:57