Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Оян, қазақ!» ұраны өміршең үнге айналды

«Оян, қазақ!» ұраны өміршең үнге айналды

Барлығы 30.10.2025, 11:03 831
 «Оян, қазақ!» ұраны өміршең үнге айналды
Сурет: автор

Биыл қазақ халқының көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, жазушы және ақын Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толып отыр. Ол – ХХ ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі мен бостандығы жолында күрескен Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, қазақтың ұлтжанды ұлы. Өз халқының болашағы үшін өмірін арнаған Міржақып Дулатов 1885 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданына қарасты Сарықопа өңірінде дүниеге келген. Жастайынан білімге құштар болып, Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде оқыды. Кейін ұстаздық қызмет атқарып, ел ішіндегі оқу-ағарту ісіне белсене араласты.

Оның шығармашылығы қазақ қоғамын оятуға, елдік пен еркіндік идеясын насихаттауға арналды. 1909 жылы жарық көрген «Оян, қазақ!» атты кітабы – халық санасын сілкіндіріп, ұлт намысын жанып, азаттық рухын оятқан бірегей туынды болды. Бұл еңбек сол дәуірде тыйым салынып, автор қудалауға ұшырағанымен, қазақ руханиятының алтын қорына енді.

Міржақып Дулатов – «Қазақ» газетінің белсенді авторларының бірі. Ол Ахмет Байтұрсынұлы және Әлихан Бөкейхан сынды ұлт көсемдерімен бірге Алаш идеясының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Сонымен қатар, қазақ әдебиетінде тұңғыш роман жазған қаламгер ретінде тарихта қалды. Оның «Бақытсыз Жамал» романы ұлттық прозаның бастауы саналады.

Өмірінің соңында Міржақып Дулатов кеңестік қуғын-сүргінге ұшырап, 1935 жылы айдауда қаза тапты. Алайда оның есімі мен еңбегі тәуелсіз Қазақстан дәуірінде қайта жаңғырып, ұлттың ұлы перзенті ретінде мәңгілік құрметке ие болды.

Бүгінде еліміздің барлық өңірінде Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына орай ғылыми конференциялар, әдеби кештер, көрмелер мен еске алу шаралары өткізіліп жатыр. Бұл – ұлт тарихындағы ұлы тұлғалардың өнегесін дәріптеу мен өткенді ұмытпауға деген құрметтің көрінісі.

Солардың бірі – Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында өткен республикалық пікірсайыс турнирі. Бұл шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік оқушылар мен дебатшылар қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Турнирдің басты мақсаты – ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа таныстыру, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шешендік қабілетін және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту болды.

Қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, дәлел мен дерекке сүйене отырып, өз ойларын еркін жеткізді. Пікірсайыс барысында жастар Міржақып Дулатовтың ағартушылық идеяларын, ұлт бірлігі мен білімнің маңызын талқылап, оның ел дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Жарыс қорытындысында үздік команда мен шешендер арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын табады.

Осындай іс-шаралар жас буынның рухани дамуына, тарихи тұлғаларды тануға және елжандылық сезімін арттыруға зор ықпал етеді. Мұндай рухани кездесулер ақын мұрасын жаңғыртып қана қоймай, өскелең ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаш арысы #Міржақып Дулатұлы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика