Қазақстан мен Қытай елдері арасындағы инвестиция мәселесі талқыланды

  • 19:02, 21 қыркүйек 2025
Қазақстан мен Қытай елдері арасындағы инвестиция мәселесі талқыланды Халықаралық кәсіпкерлер одағы

Қазақстан мен Қытай елі арасындағы іскерлік және инвестициялық байланыстарды дамытуға арналған жиын өтті.

Іс-шараға Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытұлы Бақытнұр, Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мұрзиев сондай-ақ екі елдің 70-тен астам компаниясы жетекшілері қатысты.

Олардың қатарында табысты жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлермен бірге елімізге жаңа инвестиция салуды жоспарлап жүрген инвесторлар да бар.


Сессия жұмысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған кәсіпкерлікті қолдау мен халықаралық сауда-инвестицияны дамыту жөніндегі бастамалар аясында ұйымдастырылды.

Бұл басқосу Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланысты жаңа деңгейге көтеруді көздейді.

Жиынға мұрындық болған
«Достық көпірі» халықаралық кәсіпкерлер одағының төрағасы Мұқан Мамытхан: 

– Біздің мақсатымыз - шекара асып келген инвесторлар мен жергілікті кәсіпкерлер арасында өзара тиімді әріптестік орнатып, екіжақты жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасау. Бұл тек іскерлік қатынастарды ғана емес, достық пен бауырластықты да нығайтуға үлес қосады - деді.
Шара аясында аймақтардың инвестициялық әлеуеті таныстырылып, отандық және Қытай кәсіпорындары арасында ынтымақтастық туралы бірқатар маңызды меморандумдарға қол қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:35

19:02

15:55

15:20

15:13

15:07

13:41

12:20

12:18

11:48

11:46

11:07

10:34

18:09

18:06

17:53

17:30

16:50

16:40

16:35

16:31

15:50

15:45

13:17

12:16